No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлихан Смайылов бизнеске қойылған негізсіз талаптардың күшін жоймаған мемлекеттік органдарды сынға алды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру жөнінде кеңес өткізді,

08.09.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров көлік, сауда, қоғамдық тамақтану, қонақ үй қызметтері, жылжымайтын мүлікпен операциялар, тау-кен өндіру өнеркәсібі, компьютерлік бағдарламалау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ақпарат және байланыс салаларындағы реттеуші актілерге жүргізілген талдау аяқталғанын атап өтті.

Оның қорытындысы бойынша анықталған 22 мыңнан астам талаптың шамамен 3,8 мыңы (17%) жаңа реттеушілік саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді, сондықтан олардың күші жойылады немесе қайта қаралады.

Осы жұмыстың бірінші кезеңі аясында тағы жеті сала бойынша талдау жалғасып жатыр. Бұл ауыл шаруашылығы, қоймалау, құбыр көлігі, құрылыс, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу, көші-қон, авторлық құқық және аралас құқықтарға қатысты.

Премьер-Министр тиісті үйлестірудің болмауынан кейбір мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерді сақтамайтынын және бұл бекітілген жоспар-кестені орындауды кешіктіретінін атап өтті.

«Бұл реформаның маңызды екенін тағы да қайталаймын. Үнемі кейінге қалдыра беруге болмайды, бұл туралы қанша айтуға болады? Барлық негізсіз талаптарды тезірек алып тастауымыз керек. Реттеуші актілер бойынша барлық жұмысты биыл аяқтау қажет», — деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-Министр бизнеске қойылатын жаңа талаптарды енгізуде өте мұқият болу керектігін айтты.

«Жаңадан қабылданатын реттеушілік талаптарға бақылауды күшейтуіміз керек. Егер “Атамекен” ҰКП тарапынан қандай да бір мәселе бойынша келіспеушілік болса, онда бұл мәселені шешу керек, бұған көз жұма қарауға болмайды», — деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар отырыста мемлекеттік бақылау жүйесін толық автоматтандыруға көшу аясында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін талдау аяқталып, салалық тәуекелдер матрицалары қалыптастырылғаны атап өтілді.

 

Бүгінгі таңда «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі жаңартылып жатыр, оны 2023 жылдың ортасында  пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Премьер-Министр бұл жұмысты жандандыруды және мемлекеттік органдармен келісу мерзімдерін қысқартуды қайта қарауды тапсырды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режимді енгізбек

04.05.2023

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ШОБ саны артты

18.07.2022

“Аssyltas” қоғамдық қоры 5 млн-ға дейін көмек береді

15.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа