Әлихан Смайылов премьер-министр болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
82 депутат жақтап дауыс берді. Қарсы – 7 депутат. Қалыс қалғандар – 8 депутат.
Әлихан Смайылов туралы не білеміз?
Ол үкіметті бір жылдан астам басқарып отыр. Бұл лауазымға қаңтар оқиғасынан кейін тағайындалған еді.
1972 жылы Алматыда дүниеге келген. Мамандығы – қолданбалы математика. Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бар.
Әр жылдары қаржы вице-министрі, “ҚазАгро” ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, президент көмекшісі, қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.