No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әлихан Смайылов заңнаманы бизнеске қойылатын артық талаптардан «тазартуды» тездетуді тапсырды

07.11.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын негізсіз талаптарды қайта қарау және қысқарту жөніндегі жұмыс барысы қаралды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов 44 қызметтің 26 саласында реттеуші актілерді талдау жалғасып жатқанын хабарлады. Бұл жұмысты 2023 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Бұл ретте мемлекеттік органдар бұрын талданған 18 сала, оның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс, мұнай өндіру, көлік және сауда бойынша құқықтық және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу рәсіміне кірісті.

Премьер-Министр басқа салалардағы реттеуші актілерді талдауды тездету қажеттігіне назар аударды және осы жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Оның айтуынша, бизнеске қойылатын артық талаптарды жою үшін заңнамалық өзгерістер жедел енгізілуі тиіс.

«Тездету керек. «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдау тапқан және мақұлданған талаптар бойынша заңнаманы «тазарту» қажет: бұл нормаларды бұйрықтар мен қаулылардан алып тастау керек. Талдау жұмысы аяқталғанша күтпеңіздер. Қажетсіз талаптар анықталды ма? Жұмысын тоқтату үшін оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдау қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ кеңесте бизнестің проблемалық, оның ішінде Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырыстарында көтерілген мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларды орындау барысы қаралды.

«Бизнес Үкіметтің алдында проблемалары туралы мәселе көтереді, ал біз олар бойынша өз ұстанымымызды білдіреміз. Әркезде ортақ пікірге келе бермеуіміз де мүмкін, өйткені Үкімет бюджет мүмкіндіктерін, барлық әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып шешім қабылдайды. Бірақ кәсіпкерлер қашанда келіспейтін тұстарын айта алады. Біз диалогқа дайынбыз, осы тақырыптарды талқылап, келісілген шешімдер қабылдаймыз», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр мемлекеттік органдардың жұмысындағы мәселелер бойынша нақты кесте құруды және жыл соңына дейін олардың Ұлттық палатамен бірлесіп қаралуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бұл процеске серпін беріп, шешім қабылдау мерзімін қысқарту керек. «Темірді қызған кезінде соқ», мәселелерді қазір шешу керек. Түптеп келгенде, біз кәсіп иелері тиісті жобаларын іске қосып, жұмыс орындарын құруы және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартып, халықтың табысын арттыруы үшін оңтайлы бизнес ахуал қалыптастыруға жұмыс істейміз. Барлық мемлекеттік органдар, біздің барша әріптестеріміз осыны ескеруі тиіс», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында тағы бір сервистік орталық ашылды

23.08.2022

Ел халқының табысы қанша?

16.11.2022

Үкімет пияз бағасын реттеуді тапсырды

07.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа