ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың Алматы облысы тұрғындарымен кездесу кезінде «ТК «Газоблок» компаниясының директоры Максим Ким құрылыс материалдары тапшылығының алдын алып, импортты алмастыру үшін Алматы облысында құны 7,2 млрд теңгеге газоблок өндіретін зауыттың құрылысын қолға алғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ол 2024 жылы фиброцементті панельдерді өндіретін кәсіпорын мен 2025 жылы шыны мақтасын шығаратын зауытты салу көзделіп отырғанын жеткізді.
Алайда «ТК «Газоблок» компания басшысының айтуынша, осы күнге дейін аталған 3 жоба Индустрияландыру картасына кірмеген. ҚР ИИДМ басшысы жоғарыда аталған жобаның барлығы да министрліктің басым салаларына жататындықтан Индустрияландыру картасына міндетті түрде кіретінін жеткізді.
ҚР ИИДМ басшысының Алматы облысы тұрғындарымен кездесуі барысында хабарланған өзге де жаңалықтарды келесі сілтемеден оқи аласыздар: https://kazbusiness.kz/?p=16054&preview=true