Алматы облысында Заң кеңесшілерінің Бас палатасы, “AMANAT” партиясымен бірлесе «Құқықтық көмек» жобасы аясында 9 ауданның тұрғындарына тегін заңгерлік көмек көрсетті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Жоба аясында өткен қабылдауда 100-ге жуық тұрғын кеңес алды.
Азаматтар мына мәселелер бойынша заң көмегін алды:
▪️зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау;
▪️алимент өндіріп алу;
▪️азаматтық алу;
▪️алаяқтық;
▪️несие;
▪️сондай-ақ жеке мәселелер.
Жоба аясында сотқа дейінгі іс жүргізуден бастап сот шешіміне дейін өтініш білдірген азаматтардың мүддесі қорғалады.
Айта кету керек, заңгерлік көмекті жаңадан ашылған Алматы облысының Заң кеңесшілерінің Бас палатасының білікті заңгерлері көрсетті.
Заң кеңесшілерінің Бас палатасын басқарып отырған төрағасы – Байкулов Мухтар Кольбайұлы.