Алматы облысы Қарасай ауданы Көлащы ауылында бүтін бір отбасы көз жұмды. Алдын ала болжамға сәйкес, олар тамақтан улануы мүмкін, деп хабарлайды kazbusiness.kz ulysmedia – ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 4 мамырда орын алған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
“Көлащы ауылында жеке тұрғын үйде 6 адам – 2 ересек және 4 бала белгісіз затпен уланғаны туралы хабар келіп түсті. Салдарынан 1984 жылғы ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылғы қызы және 2008, 2013, 2018 жылғы ұлдары) қайтыс болды. 1985 жылғы әйел (анасы) Шамалған ауылындағы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде “, – дейді полиция өкілдері.