Алматы облысында газға қосылу бағасы 350 мыңнан аспайтын болады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Алматы облысының прокуратурасы мен әкімдік бірлесе отырып облыс аумағында абоненттерді орталық газбен жабдықтау желілеріне қосу құнын төмендетуге бағытталған «Халыққа қолжетімді газ»жобасын іске қосты.
Жұмыс тобы құрылып, оның құрамына прокуратура, әкімдік және облыстың газ шаруашылықтары қауымдастығы енді.
Аталған топтың кешенді жұмысының нәтижесінде қазіргі уақытта абонентті газға қосудың шекті құнының сомасы 350 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бекіту туралы келісімге қол жеткізілді.
Газ шаруашылықтары қауымдастығы мен әкімдік арасында алғашқы меморандумға қол қойылды. Меморандум облыстың 3 ауданының 11 ауылдық округтерін қамтуда.
Сондай-ақ, газбен жабдықтаушы мекемелер халықтың әлеуметтік осал топтарын жеңілдетілген шарттармен қосуды жалғастыратынын, және де қосылу үшін төлемді кейінге қалдыруды ұсынатынын атап өтуіміз қажет.
Жобаның қорытындысы бойынша облыстың ең көп елді мекендерін қамту және тұрғындарға қаржы жүкметесін азайту да жоспарлануда.