Бизнес жобаның құрылтайшысы Сойырқас Абдулқасым және қаржы директоры Әділжан Қожабергенов, қазіргі уақытта газ және электр пештерін шығаруды ұйымдастыру бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылғанын айтты. Зауыттың жобалық қуаты жылына екі жүз мың пеш шығаруға жетеді. Зауыт Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жармұхамбет ауылында 6 гектар жерде салынып, 2021 жылдың 30 қыркүйегінде іске қосылған.
Сонымен қатар бүгінгі таңда отандық шикізатты пайдалануды көздейтін теледидарлар, тоңазытқыштар мен мұздату жабдықтары, шағын пештермен үлкен пештер шығарудың өзекті қажеттілігі туындап отыр, бұл отандық компаниялардың өнімін арттыруға мүмкіндік береді. Өндіріс жергілікті шикізатты пайдалана отырып, өнімнің өзіндік құны бәсекеге қабілетті және сапа барлық заңды талаптарға сай болады. Өнімді Кеден одағы елдерінде және Орталық Азияда өткізу жоспарлануда, бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырады.
Сонымен бұл кездесудің мақсаты, Алматы облысы Қонаев қаласының маңынан зауытты кеңейту үшін жер телімін алу екен. Кәсіпорын сонымен қатар өндіріске қажетті құрал-жабдықтар мен бөлшектерді жеткізу бойынша кооперация компанияларымен келіссөздер жүргізуде.
Зауыттың өндірістік қуаты 1 млн бірлік жабдықты құрайды, 1-кезеңдегі жобаға инвестиция 25 млрд теңгеден асады. 1200-ге жуық жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін, инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Кездесу соңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлына, Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Сәбит Садуақасовқа, және Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаевқа аталған серіктестікке барынша қолдау көрсетіп, жер телімін тауып беруге тапсырма берді.
Кездесуге келген «Алматы тұрмыстық техника зауыты» бас директоры, облыс басшыларының жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді!