No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жастар «Балық мектебінен» тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар

23.11.2022
Жаңалықтар
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мектеп бітірген түлектен бастап, университет қабырғасынан шыққан жас маманға дейін балық шаруашылығымен айналыса алады. Мұндай мүмкіндікті Алматы облысындағы «Балық мектебі» ұсынады. Бұдан бөлек мектеп түлектері өңірде ашылған жаңа балық шаруашылығында тәжірибе алмасып, жұмысқа орналаса алады, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі Ұлттық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында жылына 120 тонна форель өсіретін жаңа  балық шаруашылығы ашылды. Бүгінде бассейндерге 100 мың дана форель шабақтары жіберілді.

Шаруашылық басшысы Марлен Тұрсынәлінің айтуынша, жобаға жұмсалған қаржының көп бөлігін мемлекет қайтарады. Жалпы жобаны іске асыру үшін 80 млн теңгеге жуық жеке инвестиция салынған. Дайын өнім 2023 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығады деп күтілуде.

«Көптен күткен бірінші шаруашылығымызды ашып жатырмыз. Мұндай шаруашылықты еліміздің әр бұрышынан ашуға болады. Себебі еліміздің әр өңірінде болуы керек.. Қазір мемлекеттік бағдарлама жүріп жатыр. Осы шаруашылыққа жұмсалған шығынның 25 пайызы  инвестициялық субсидия арқылы қайтарылады. Басқа шығындардың да көп бөлігін мемлекет өтеп береді», – деп бөлісті кәсіпкер.

Сонымен қатар, Марлен Тұрсынәлі екі жыл бұрып «Балық мектебі» жобасын бастап, кәсіпкерлер және балық өсірумен айналысқысы келетіндерге шаруашылықты үйретуді қолға алған болатын. Осы уақытқа дейін 205 адам білім алған. Мектеп бітірген 30 түлек Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында өздерінің балық өсіру шаруашылығын ашқан.

«Осындай шаруашылықты ашқысы келетін азаматтарға «Балық мектебі» жобасы бар. Кәсіпке кететін шығын, оны қалай жүргізу керек, мемлекеттен қандай көмек бар және оны алу үшін қандай құжаттар керегін осы жобаның аясында түсіндіріп береміз», – деді Марлен Тұрсынәлі.

Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының АӨК департаментінің директоры Ербол Есенеев Қазақстандағы балық шаруашылығының жағдайын баяндады. Оның айтуынша, сырттан 40 мың тонна балық келеді. Бұл өзімізде өндірелетін мөлшерге жуықтайды және оны елімізде өндіруге мүмкіндік зор.

«Қазақстанда орташа есеппен 50-55 мың тонна балық өндіріледі, бұл өте аз. Салқындатылған және мұздатылған балықтың импорты 40 мың тоннаны құрайды, оның сомасы – 110 млн доллар. Мұнша балықты өз елімізде де өндіре аламыз және өндіруіміз керек. Өйткені, потенциалымыз жоғары. Мәселен, тауарлық балық пен балық өсіру бойынша су айдындарының жалпы ауданы 125,8 мың га. Бүкіл Лихтенштейн мемлекетінің аумағымен салыстыруға болады. Сол себепбі Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұндай жобаларды әрдайым қолдайды», – деді Ербол Есенеев.

Еске салайық, балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасының индикаторлары мемлекеттік қолдау шараларына ғана емес, сондай-ақ осындай кәсіпкерлердің белсенді қызметіне бағытталған.

Айта кетейік, «Балық мектебінде» білім алып, кәсіп бастаймын деген азаматтар мына +7 777 282 9999 (Гүлшат) телефонға хабарласуына болады. Cондай-ақ, Instagram желісіндегі @balyqmektep_kz парақшасынан мәлімет ала алады.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Астық жинау науқаны басталғаннан бері 6,1 миллион гектар бидай жиналды

01.09.2022

Ақшаны қалай жинау керек?

22.11.2022

Инвестор іздеуде жіберілетін қателіктер қандай?

02.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа