No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының әкімдігі 600-ден астам жер телімін сатып алмақ

04.07.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

16
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысы Алматы – Байсерке –Талғар газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталады. ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті газбен қамтамасыз ету үшін Қарасай ауданында 612 жер телімін сатып алу қажет, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Алматы – Байсерке – Талғар газ құбырының бірінші желісінің құрылысы 2014 жылы аяқталған. Қазір Алматы қаласында орналасқан ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті газбен қамтамасыз ету үшін екінші желіні тарту қажет. Қарасай ауданындағы «Алматы – Байсерке – Талғар» магистральды газ құбырының ұзындығы – 16 шақырым. Ол Іргелі, Елтай ауылдық округтерінде орналасқан. Жобаға сәйкес газ қысымы 3,5 МПа-дан 5,4 МПа-ға дейін көтеріледі. Осыған байланысты қауіпсіздік аймағын арттыру қажет. Жоғарыда аталған газ құбырының қауіпсіздік аймағына дайындалған жер учаскелерінің картографиялық құжаттары мен экспликациясына сәйкес 700 жер учаскесі бар. Оның 569-ы бос жер болса, 131-де ғимарат орналасқан, оның ішінде 61 тұрғын үй бар. Яғни, олар сатып алуға және бұзуға жатады.

«Қарасай ауданы әкімінің «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін, оның ішінде сатып алу тәртібімен мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» қаулысына сәйкес, екінші кезеңде 569 жер учаскесінің 481-і сатып алынуы тиіс. Иеліктен шығарудың болжамды құны – 3,2 млрд теңге. Шаруа қожалығын жүргізуге арналған 88 жер учаскесі сатып алуға жатпайды және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы мүмкін. Қазір тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Бүгінде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Алматы облысының жер қатынастары басқармасына өтеуге қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінім дайындады», – деп атап өтті Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Көкөзек ауылының тұрғындарымен кездесуінде. Сондай-ақ 2,4 млрд теңгеге жер телімдері бар 131ғимаратқа бағалау жүргізілді. 569 бос жер телімін бағалау 10 шілдеге дейін аяқталады. Жер учаскесінің иелеріне хабарланды. Сонымен қатар оларға бос жатқан жер телімдерін айырбастау үшін Исаев, Береке, Ақсеңгір ауылдарынан баламалы жер телімдері ұсынылды.

Сондай-ақ жиында облыс әкімі Қарасай ауданы әкімдігінің аппаратына субсидиялау бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үйге 50 пайыз өтемақы төлеу мәселесін қарауды тапсырды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Биткоин 10 пайызға өсіп, 21 000 долларды құрады

10.09.2022

Кредиттік шартты оқығанда неге мән беру қажет?

20.01.2023

05.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа