Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Қарасай ауданына қарасты Жібек Жолы ауылында бой көтерген «Алтын таға» ЖШС-не қарасты темір-бетон зауытының құрылысымен танысты, деп жазады kazbusiness.kz тілшісі.
“Алтын таға” ЖШС-не тиесілі бетон шығаратын зауыт жалпы саны 19 ғимараттан тұрады. Жеке инвестициялар арқылы жүзеге асатын жоба құны 32 миллиард теңгені құрайды.
Өңірлік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, зауыт құрылысы аяқталғанда жылына 14 мың тоннаға дейін дайын өнім алу жоспарланған. Сондай-ақ 1200 жұмыс орнын ашу көзделуде.
Айта кетейік, шет елдердің озық технологиясымен жабдықталған, кез келген күрделі ғимараттарды салуға қажетті материлдарды өндіруге қабілетті темір-бетон зауыты құрылыс нарығын қазақстандық мазмұнмен өркендетуді мақсат етіп қойыпты. Бұл қаражаттың өз елімізде қалуын қамтамасыз етумен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашып, құрылыс индустриясын дамытуға үлес қосатын отындық кәсіпорын болады деп күтілуде.