No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі сингапурлық «SurbanaJurong» компаниясының өкілдерімен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «SurbanaJurongCityGlobal» компаниясының бас директоры Нина Янмен кездесті. 

01.08.2022
Жаңалықтар
20
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кездесу барысында тараптар облыс аумағындағы «G4 City» серіктес қалаларын жобалау бойынша ағымдағы жұмысты талқылап, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның сапасын қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Жергілікті атқарушы органдар, «SurbanaJurong» және Қазақстандық бизнес тарапынан жобаның бастамашысы «CaspianGroup»арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту бойынша ұсыныстар қаралды.

«SurbanaJurongCityGlobal» бас директоры аталған жобаны іске асыру бүкіл облыстың дамуына серпін беретінін, сондай-ақ Қазақстан үшін шетелдік инвесторларды тарту орталығына айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жергілікті бюджетке жүктемені барынша азайта отырып, инженерлік инфрақұрылым құрылысына жетекші халықаралық компанияларды тарту арқылы жобаны іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, келіссөздер аясында жаңа облыстағы жаңа әкімшілік орталық пен әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады. Қонаев қаласының жан-жақты дамыту мәселелері бойынша кеңестер өткізілді.

Нина Ян Алматы облысы мен Қонаев қаласының білім беру және медицина, транзит және логистика, туризм мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кластерін дамыту үшін кең мүмкіндіктерге ие екендігіне баса назар аударды. Бұл бағыттар ірі инвесторларды қызықтыруы мүмкін.

Өткен диалог барысында жергілікті табиғатпен, мәдениетпен, экономикамен және өңірдің даму перспективаларымен танысу үшін қазан айында сингапурлық компаниялар тобының сапарын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «SurbanaJurong» тобының бас директоры Вонг Хеанг Файнды қабылдады. Президентке Компанияның отандық инвесторлармен әріптестікте Алматы облысында жаңа «G4 City» серіктес қалаларын салу жөніндегі жоспарлары туралы мәлімет берілді. Сол кезде арнайы жоспар дайындалды, қала құрылысы құжаттарын әзірлеуді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруды, қолайлы инвестициялық ахуал жасауды көздейтін жобаны іске асыру бойынша Жол картасы әзірленді.

Облыс әкімінің Нина Янмен кездесуі бұрын айтылған уағдаластықтардың қисынды жалғасы болды. Жүргізілген келіссөздердің нәтижелері Алматы облысының, атап айтқанда Қонаев қаласының одан әрі үдемелі дамуына негіз болады.

Айта кетейік, Нина ЯН ханым 2019 жылы SJCityGlobal компаниясының бас директоры болды. SurbanaJurong-ға келгенге дейін ол ascendas-Singbridge (ASB) тұрақты қалалық даму жөніндегі бас директор болды, ASB-нің урбанизация жобаларына және шетелдегі негізгі әзірлемелерге инвестицияларын басқаруға жауап берді. Ол басқарған әйгілі жобалар Қытай-Сингапур Білім қаласы Гуанчжоу, Қытай-Сингапур инновациялық паркі Чэнду, Қытай-Сингапур Экологиялық қаласы Тяньцзинь және Астаналық Амаравати қаласы болды. Сондықтан Ян үкіметтер арасындағы ынтымақтастықтың күрделі жобаларымен таныс деп айтуға болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Джеки Чан жайлауда домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқады

28.07.2023
фото: ашық дереккөз

АҚШ пен Қытайда ауа температурасы 50 градустан асып кетті

18.07.2023

Алматы облысы:  такси қызметінің бағасы  28,1%-ға өскен

17.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа