No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері малшылар слетінде басқосты

01.07.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
50
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданында малшылар слеті өтті. Аталмыш шара Асы жайлауында облыстық деңгейде ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Еңбекшіқазақ ауданнының бүкіл әкімшілігіне қарасты 528 шаруақожалығы осы жайлауда  малдарын бағады.

Жылдағы дәстүр бойынша  ауылшаруақожалығына арналған бизнес форум ауылшаруашылық өнімдері қойылған көрмеден бастау алды. Көрмеде қазіргі таңдағы шикізат өнімдерін өңдеу туралы ақпарат берілді.

Айта кетерлігі, Наурызбай қожалығына қарасты қой шаруашылы тұқымын асылдандыру да нәтижелі еңбек етіп келеді. Тәжікстан мен Қырғызтан арқылы гиссар асыл тұқымды қойын әкеліп, қазақтың еділбай қойымен шағылыстырған. Нәтижесінде ірі қара қойлар етті, салмақты, 200 ден аса келіге жеткен.

«Наурызбай»  қожалығы директоры Ришат Адибаевтың айтуынша, қазіргі таңда бұл қойларға Байсары деген атауды да ойластырып жатыр. Кәдуілгі қойдың тұрқынан бөлекше, ірі қойлар жүрісті, ауруға да суыққада төзімді Байсары тұқымын бүгінгі күнде төңіректегі қойшылардың қойларына теліп таратуды бастап та кеткен.

Облысымызда жалпы түлік санына шаққанда асыл тұқымды малдың үлесі арта түсті. Малды асылдандырып, қолда бар тұқымның генофондын сақтауда бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар Іле ауданына қарасты Бекет түйе шарушалығында тек қымыз бен шұбат қана емес, түйе сүтінен жасалған балаларға арналған сүт ұнтағы, балалардың таңсық тәттілері арнайы қораптармен қойылған. Ешкі сүтінен жасалған балмұздақ та көрмеге қойылды.

Одан бөлек, ірі қара мен жылқы малын да асылдандыру бойынша көрмелер өтті. Көрмеден кейін марапаттау салтанаты өтіп, біраз кәсіпкерлер облыс әкімінің марапатына ие болды.

“Ауыл Аманаты” мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл халқының табысын арттыру мақсатында облыс бойынша 8,3 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатты тиімді пайдалану үшін әр өңірдің ерекшелігіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамытуымыз қажет. Ендігі жылы бұл бағдарламаға 14 млрд теңге қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр, – деді облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев. 

Еске салсақ, облыс бойынша төрт түлік малдың 65%-ы 133 жайлауда жайылады. Жайылымдар туралы заңға сәйкес, 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары бойынша әр аудан әкімдігі жұмыс жасап жатыр.

Марапаттау соңы кең далада өткен гала концертке ұласты. Жайлауда қазақтың ұлттық ойындары: теңге ілу, қыз қуу, қошқар көтеру, қазақ күресі ұйымдастырылды. Сонымен қатар аламан бәйге, құнан бәйге, тай жарысы сынды бәйгенің жүлдегерлері анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аида ҚОЖМАМБЕТОВА,
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Елдегі шағын компаниялар саны 498 мыңға жетті

17.01.2023

Қарағанды облысындағы зауыттан алғаш рет автокөлік шинасы шығарылды

14.12.2022

Елімізде Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік алынбақ

31.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа