Алматы облысының автокөлік иелері мемлекеттік қазынаға көлік салығы бойынша 3 миллиард теңгеге жуық төлемеген, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы “Хабар 24” – ке сілтеме жасап.
Қарыз адам саны 50 мыңнан асады. Сарапшылар мұны қалыптаспаған салық мәдениетімен түсіндіреді. Тек Қонаев қаласында салық берешегі 107 миллион теңгеден асады. Қарасай ауданындағы жағдай да осындай.
“Адамдардың сылтаулары бар. Мысалы, хабарлама алған жоқ. Шындығында, қазір банктер оларды ай сайын жібереді. Нәтижесінде биыл мемлекет қазынасына 5 миллиард 900 миллион теңге көлемінде көлік салығы түсті. Хабарламалар банктік қосымшалар арқылы жіберіледі. Біз адамның бәрін төлегенін бірден көреміз”, – деді Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Олжас Отар.