No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы жас кәсіпкерлері шағын несие ала алады: 4,8 млрд теңге бөлінді

26.04.2023
Жаңалықтар
131
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматыда жастар шағын несиесіне 4,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Шағын несиелеу конкурстық негізде 21 мен 35 жасқа дейінгі жастар арасында жүзеге асырылады. Бұл жөнінде толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Аграрлық несие корпорациясының» Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдері хабарлады.

Жас кәсіпкерлер бизнес жобаларын 2,5% төмен пайызбен жүзеге асыра алатын болады.

«Бұл бағдарлама бойынша республикаға 28,9 млрд теңге бөлінді, оның 4,8 млрд теңгесі Алматы жастарына бөлінді. Бұл мыңға жуық кәсіпкерлер мен жастар. Алматы қаласы бойынша 200 кәсіпкер мен жастарға кеңес беріліп, 20 кәсіпкердің өтініші қабылданды, оның төртеуі комиссия қарауына жіберілді», – деді Алматы қаласы бойынша филиал директорының несиелеу жөніндегі орынбасары Әйкен Сейтқас.

Спикердің айтуынша, өтініш берер сәтте жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 5 жылдан аспауы керек. Бағдарламаға жұмысшы жастардың өкілдері де қатыса алады.

Шағын несиенің көлемі 5 млн теңгеге дейін бекітілген, мал шаруашылығы жобалары үшін өтеу мерзімі – 7 жылға дейін, ал бизнестің басқа бағыттары үшін 5 жылға дейін. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Міндетті шарт – кепіл мүліктің болуы. Кепіл ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл болмаған жағдайда кепіл беруші ретінде үшінші тұлғаларды тартуға болады болады (ата-ана, туыс және т.б.).

Несие беру туралы шешімді қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына қалалық Мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қоғамдастықтардың және БАҚ өкілдері кіреді.

«Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырысында ұсынып, олардың арасынан ең перспективалысын комиссия таңдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек. Бұл ретте тұрғын үйлерді, жер учаскелерін, бағалы қағаздарды сатып алуға және жөндеуге, қару-жарақ, есірткі және басқа да мүлікті өндіру мен сатып алуға несие беруге тыйым салынады», – деп түйіндеді сөзін Ә.Сейітқас.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
  3. қызмет көрсететін банктен шоттың бар екенін растайтын анықтамалар;
  4. қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар;
  5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);
  6. кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;
  7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Өтініш беру үшін Алматы қ., Сәтпаев, 5 көшесінде орналасқан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына құжаттарды тапсыру қажет. Шағын несиелеу бойынша толық ақпаратты корпорацияның agrocredit.kz сайтынан білуге болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

164 миллиард доллар: Қазақстанның сыртқы қарызының мөлшері

10.10.2022

Үкімет атышулы “Алтын Орда” базарын тәулік бойы тексеретін болады

12.06.2023

Алматы облысы тұрғындарының жағдайы тек ескі көлік алуға жете ме?

14.02.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа