No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 300-ден астам азамат мердігер компанияның кесірінен үйсіз қалуы мүмкін

Құрылыс компаниясының көпқабатты үйлерді салуға рұқсаты жоқ болып шықты

02.08.2022
Жаңалықтар
Keys to a new apartment in a new building.

Keys to a new apartment in a new building.

3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінің 300-ден астам үлескері пәтерлерін ала алмай қалуы мүмкін. Көпшілігі қымбат пәтерді ипотекаға алуда. Алайда енді көпқабатты пәтер бұзылатын болады. Себебі құрылыс компаниясының көпқабатты үйлерді салуға рұқсаты жоқ болып шықты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

“Қадам” тұрғын үй кешенінің үлескерлері бүгін құрылыс компаниясының кеңсесіне жиналды. Клиенттер үйінің бұзылғалы жатқанын естіген. Мұндай шешім қалалық әкімдікте қабылдаған. Адамдар, әрине, үзілді-кесілді қарсы. Енді дәл осындай сомаға пәтер таба алмаймыз ба деп қорқады.

“Бұл ақшаны қайтарған күннің өзінде жоспарлаған пәтерді сатып ала алмаймыз. Нарықта баға көтеріліп жатыр, доллар қымбаттап жатыр, құрылыс материалдар бағасы да өсуде. Сондықтан дәл мұндай пәтерді сатып ала алмаймыз”, – дейді Ақерке Рахымжанова.

Бұл тұрғын үй кешенінен 300-ден астам үлескер пәтер сатып алған. Клиенттерге компания ұсынған шарттар ұнаған. Шаршы метр үшін бағаның қолайлығы және үйдің ыңғайлы орналасуы. Біреулер ипотека рәсімдесе, енді біреулері соңғы жинаған ақшасын жұмсады. Кейбірі ескі пәтерін сатып, жаңасын сатып алды. Құрылыс жоспар бойынша жүргізіліп келе жатқан. Сосын халық сот болғанын, әлі аяқталмаған тұрғын үй кешенінің сүрілетінін естіген. Енді салымшылардың шешімге қарсы шығуға бір ай ғана уақыты бар.

“Неліктен іргетасы қаланып, пәтерлер енді салынып жатқанда, әкімдік мұның бәрін көрмеген? Әрекет етпеген? Ал енді үйлер толығымен салынып, тапсыруға дайын болғанда, қайтадан оны қиратуға дайын. Компания шынымен де тұрғын үй кешенін салуға рұқсаттары жоқ екенін мойындады”, – дейді Татьяна Тян.

Әкімдік мектеп салуға рұқсат беріпті. Бірақ кәсіпкерлер көпқабатты үй тиімдірек болатынын білген. Ешқандай ескертусіз олар жұмысқа кірісіп кеткен.

“Біз шұңқыр қазуға кірістік, өйткені күз басталып келе жатты. Күзде, қыста шұңқыр қазу бізге қиын болады. Сондықтан ауа райы қолайлы екенін пайдаланып қаздық. Алғашқы қаражат болған кезде өзімізге материал сатып алдық. Біз газ блоктарын сатып алдық, олар қар астында қалды, арматура тот басып бара жатты. Тәуекел етіп сала берейік деп шештік”, – дейді Құрылыс компаниясының өкілі Нұртас Маджанов.

“Қадам” тұрғын үй кешені бес үйден тұруы керек еді. Бүгінгі таңда оның екеуі салынып бітті. Әкімдік тұрғызылған үйді бұзуды талап етуде. Мамандар бұл жерде заң бұзушылықтарды анықтаған. Үлескерлер қандай заң бұзушылық екенін білмейді. Сот шенеуніктердің пайдасына шешім шығарды. Сондай-ақ, құрылыс компаниясына бір жарым миллион теңге айыппұл салынды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

29 шілде – Ашура күні: Ораза ұстау міндет пе?

27.07.2023

Алматы облысында тұрғындар кірпіш зауытын жабуды талап етуде

05.08.2022

Бүгін 6 облыста үсік жүруі мүмкін

30.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа