No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда өңделген пластиктерден жасалған бұйымдар көрмесі ашылды

27.04.2023
Жаңалықтар
22
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Plastic in Art, яғни өнердегі пластиктің «екінші өмірі» – бұл шынайы ғана
емес әрі әдемі, берік және кәдеге жарайтын жері көп. Бұл қызықты дизайнерлік
шешімдер, ерекше өнер мен тұтынушылық жауапкершіліктің өткір мәселесіне
деген жаңа көзқарас. Сіздер үшін арнайы толық ақпаратты kazbusiness.kz тілшісі даярлап қойды.

Көрме жастардың бастамасын қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!»
жобасының жаңа маусымының басталуына арналады. Көрмеге келушілердің
барлығы «Forum» сауда орталығының фойесіндегі (Сейфуллин даңғылы, 617)
сән және интерьер дизайнерлерінің өңделген пластиктерден жасаған жұмысын
тамашалай алады, өнер-оқиғасы 3 мамырға дейін жалғасады.

«3.2.1. Старт!» жобасын ұйымдастырушылар жаңа тенденцияларды да
ескеріп және заман ағымына ілесе отырып, Coca-Cola Icecek Kazakhstan (CCI
Kazakhstan) атынан биылдан бастап «3.2.1. Старт!» акциясын Қазақстан
жастары арасында пластиктерді бөлек жинауға, оны өңдеуді дамытуға және
насихаттауға бағыттайтын болады.

Дәл осы өзгерістер компанияларға – 2030 жылға қарай компания
шығарған пластиктерді 100% жинап алу міндеттемесін орындауға көмектеседі.
Компания осы мақсатпен 6 қалада Қазақстанның 10 жетекші
университетінің студенттерін тартып, олармен бірге одан әрі қарай
қалдықтарды екінші рет пайдаға жарату үшін сұрыптау мен жинау идеяларын
әзірлеуді көздеп отыр.

«3.2.1. Старт!» 8-ші жобасына қатысушыларды пластиктер жинау, өз
университтеттерінде сұрыптау мен қайта өңдеу кестелері жөніндегі
тапсырмалар күтіп тұр, ал ең жақсы идеялар байқауды ұйымдастырушылардың
қаржылай қолдауының арқасында жоо қабырғасында жүзеге асырылмақ.

Ең үздік идеялардың авторлары маусым аяғына қарай марапат ретінде
пластиктерге «екінші өмір» сыйлау үшін оны қайта өңдеуден өткізе алатын
қымбат жабықтардың толық желісіне ие болады

«Біз студенттермен бірлескен күш-жігеріміздің, Қазақстанның эко-
қауымдастығының, бизнес және мемлекет өкілдерінің арқасында – бөлек
жинауды енгізудің нәтижесінде – қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудағы өз
мақсатымызға жетудің көптеген қызықты жолдарын таба алатынымызға
нық сенімдіміз. Бүкіл әлем айналмалы экономикаға ұмтылып отыр, және бізде
оны Қазақстанда дамытудың барлық мүмкіндіктер бар деп есептейміз»,
–дейді CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік байланыстар мен
тұрақты даму жобалары жөніндегі директоры Әлима Исембаева.

CCI Kazakhstan компаниясы «3.2.1. Старт!» жобасынан да бөлек
қоғамдастық пен жастардың назарын тұрмыстық қалдықтарды екіншілік
пайдалану мәселесіне аударуды көздеп отыр. Plastic in Art көрмесі де осы
мақсатты көздейтіндіктен, оған қайта өңдеуден өткен пластиктерден жасалған
нешетүрлі экспонаттар қойылады.

Ал көрмеге келушілер қалдықтарды неге сұрыптау қажеттігі, мұны үйде
қалай жасауға болатындығы, жиналған шикізаттар қайда баратыны туралы
білетін болады. Ең бастысы ұйымдастырушылар пластиктерге шикізет ретінде
қарауды, оларға қалай «екінші өмір» сыйлауға болатындығы жайлы баяндайды.

Мысалы, мәселен көрмеде ұсынылған Trashback-тен мөлдір ваза жасау
үшін 29 пэт-бөтелке (пластик) қайта өңделген, ал бір NOA футболкасына 15
бөтелке қажет болған. Көрменің ең көрнекті экспонатының бірі – «3.2.1. Старт!»
жобасының алдыңғы маусымында жеңіске жеткен Rocket Plastic командасы
құлшына жасаған сәкі десек болады.

Coca-Cola компаниясы мұның алматылықтар мен қала қонақтары
қатысқан эко-марафон өткізіп, жастар қайта өңделген пластиктен сәкі жасап
шығарған болатын.

Осы арада тұрғындардың белсенділігінің, сондай-ақ Алматы қаласы
әкімдігі мен PlastNet желісінің қолдауының арқасында 3 мың тоннадай пластик
жиналғанын, оның бір бөлігінен алғашқы 6 пластик сәкіні жасалып, олардың
Алматы қаласына сыйға тартылғанын, бұл сәкілерді М.Горкий атындағы
саябақтан көруге болатынын айта кетуге болады. Ал қалғаны қайта өңдеуге
жіберілген. Сондықтан компания осындай бастамаларды одан әрі қарай
инвестициялауға ниет білдіріп отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Таразға бөлінген қайтарымсыз гранттарға 700-ден астам адам таласып жатыр

28.04.2023

Қазақстанға Ресейден қанша ақша аударылды?

22.08.2022
фото: ашық дереккөз

“Q-net” қаржы пирамидасының басшылығын сотқа тартпақ

16.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа