No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда оқушылар үшін сауна ішіндегі «лагерьге» тегін жолдама берілген

17.07.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

91
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топ санатындағы алматылық оқушылар балалар лагеріне тегін жолдама алды. Бірақ ол сауна ғимаратында орналасқан, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы жазғы  лагерьге  қаладан ондаған бала әкелінген. Алайда мектеп оқушылары саунаға орналастырылған, сыртында өзге адамдар жүрген.

«Арман дала» лагерінде жағдай осындай. Мұны қалай түсінуге болады? Балаларды лагерьге жіберсе, кафе мен саунаға орналастырған. 100 адам желдетілмейтін бөлмеде жатады. Балалар еденде ұйықтайды, ұлдар да, қыздар да бір бөлмеде топтасып жатады. Бұл қашаннан бері қалыпты жағдайға айналды? Мен қазір, шынымды айтсам, шошып кеттім, олардың қайда, не жейтінін әлі білмейміз.

Жағдай түрмедегіден де нашар. Бұл – өте қорқынышты. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балаларымызды жолдама арқылы демалысқа жіберді. Негізі олар «Арман дала» лагерінде болуы керек еді. Барлық ұялы телефонды алып алған, ата-аналар балалармен байланыса алмады. Ішіне кіріп алған ата-анаға алғыс айтамын», – деп жазды мектеп оқушыларының бірінің туысы Инка Рокеровна Facebook желісіндегі парақшасына.

Ата-аналардың бірінің айтуынша, «Арман дала» лагерінің директоры және сауна орналасқан үй-жайдың иесі-бір адам.

Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубайдың айтуынша, мемлекет 1500 адамға 110 млн бөлген. Жеткізушімен келісімшартқа қол қойылғаннан кейін және балалар лагерь деп аталатын жерге орналастырылғаннан кейін, олар бөлменің қалай көрінетінін тексере алады. Алайда, бұл жердің балалар үшін жарамсыз екенін ешкім тексерген жоқ.

«Жеткізуші бұл демалыс үйін жалға алды. Бірінші қабатты қыздар үшін, ал екінші қабатты ұлдар үшін бөлу керек болды. Бірақ кейін белгілі болғандай, ғимараттың иесі шарттан бас тартты», – деді Сайлаубай.

Білім басқармасы осы ұйыммен шартты бұзу мәселесін қарайтын болады. Ведомство хабарлауынша, қазір балалар өз үйлеріне жеткізілді. Жақын арада балалар мектеп бекіткен ережелерді қатаң сақтай отырып, лагерьлерге қайта жіберілетін болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Бизнес қауымдастық өкілдері мемогран, мүгедектігі бар азаматтармен үш жақты кездесу өткізді

13.09.2022

2024 жылы қазақстандықтар қай мемлекеттерде визасыз саяхаттай алады?

21.02.2024

Трамп несие алғысы келеді, бірақ кінә, біз үшін, АҚШ экономикасы үшін – саясат

05.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа