Алматыдағы «Тұлпар» базары сәуірден бастап жабылады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл туралы Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті.
Кәсіпкерлер қала әкіміне сұрақ қою кезінде «Тастақ» ықшамауданындағы «Тұлпар» базарын жаңарту жұмыстарын жыл соңына дейін қалдыра тұруын сұрады.
«Қаладағы барлық базар иелері заңға, келісім-шартқа сай, базарларды жаңартуы тиіс. Соның ішінде «Тұлпар» базары да бар. Олар жаңартылғанша адамдарды уақытша басқа жаққа ауыстырады. Біз бұл жұмыстарды жылдан жылға кейінге шегеріп келеміз, оны бастау қажет», – деді Ерболат Досаев.