Алматыдан ұшаққа мінген адамдар тамақтан уланған, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Алматыдан ұшып шыққан ұшақ экипажының төрт мүшесі борттағы тамақтан уланған. Бұл оқиға “Air Charter Service” компаниясының чартерлік рейсінде орын алды. Зардап шеккендер өздерінің жайсыз жағдайына борттағы тағам әсер еткенін айтқан.
Айтылған оқиғаға байланысты санитарлық дәрігерлер жеткізуші компанияның асханасы мен қоймаларында тексеру жүргізіп, цехта кәріз құбырлары мен раковинаның қорқынышты жағдайын анықтаған. Сондай-ақ тексеру барысында стафилококк бактериясы табылған.
Кәсіпкерге 1600 АЕК (5,5 млн теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ол анықталған заңбұзушылықтармен келісті.