No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматылық кәсіпкер 50-ге жуық адамды алдап кетті

Жиһаз аламыз деп, тапқан-таянғанын кәсіпкердің қолына ұстатқандар жер сипап қалды.  Әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарған бұл адамға 50-ге жуық адамалданған.  Жиһазды қыздың жиған жүгіндей әдемі етіп жасаймын деген кәсіпкер әр үйге өзі барып, өлшемін алып, алдын ала 70 пайыз төлемді талап еткен.

19.01.2023
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпкер өз клиенттерімен келісімшарт та жасасқан. Алайда құжаттағы мерзім әлдеқашан өтіп кетсе де, жұрт не жиһазын не миллиондаған теңгесін ала алмай жүр. Жиһаз емес, жер сипап қалғандардың бірі  —  Мағжан Зиябек.

Су жаңа пәтерін жаңа мүлікке толтырмақшы болған ол жиһаз жасаушыны былтыр әлеуметтік желіден тауыпты. Бағасы арзан, жұмысы жылдам болғасын, ойланбастан бүкіл үйіне тапсырыс берген. Тіпті келісімшарт түзіп, материалына қажет деген миллион теңгесін төлепті. Алайда құжатта жазылған мерзім өтсе де, әлі күнге дейін үйі бос тұр.

“Кәсіби маман деп ойладым. Инстаграмда түсірілген, біз жиһаз жасадық, “Ясминнің” өкілімін деді. Осындай ақпарат бергендіктен, мен сендім. Келіп өзінің айтқан сөзінен білдім. Әрі маған WhatsApp желісі арқылы хабарласып, жазып қоймады. “Мен сіздікін жасап берейін, жылдам жасап берем” деді. Сонымен сеніп қалдық”, – дейді тұрғын Мағжан Зиябек.

Жиылған жұрттың бәрінде бір мәселе. Тек жиһаз жасаушыға санап берген қаражат әртүрлі. Бірі 100 мың теңгеберсе, енді бірі 1,5 миллион теңгеге дейін жетеді. Өйткені кәсіпкер сенімімізге кіріп, 70% алдын ала төлем талап етті дейді.

“Ол ең бірінші менің үйіме келіп, өзінің формасы бар, келісімшарты бар, “Сіз маған сене аласыз” деп сенімімізге кірді. 70-100% алдын ала төлем алды. Одан кейін ол кісі жоқ болып кетеді. Ешқандай жиһаз жасаған жоқ. Менің күтіп жүргеніме екі жыл болды”, – деді Алматы тұрғыны Ертас Бақытов.

Жұрт полицейлердің шара қолданбай жатқанына наразы.

“Бостандық ауданының полиция бөліміне арыз түсіруге жүгінген. Алайда полиция бұл арыздарды азаматтық қарым-қатынас, азаматтық сотта шешіңіздер деп қайтарып жіберген. Бүгінгі күні 50-ге жуық адам алданған болса, 2019 жылдан бері не ақшасын, не жиһазын қайтара алмай жүрген адамдар бар болса, біз мұны азаматтық қарым-қатынас деп бағалай алмаймыз. Бұл жалпы полициямен тергелетін, тексеретін факт болып табылады”, – деді адвокат Әлбина Бақтиярқызы. 

Жиһаз жасаушы өзінен кеткен қателікті мойындады. Тапсырыс көбейген кезде қол астындағы жалдамалы 6 жұмысшы жалақыларын алып, қашып кеткенін мәлімдеді. Алайда 50 емес, тек 15 шақты клиент алдында ғана қарызым бар деп отыр. Қазір цехта жалғыз өзі жұмыс істеп жүр.

“Олардың екі айлық жалақыларын шығару үшін көбірек тапсырыс алам. Санаймын, әрқайсысына 200 мыңнан ақша шығару үшін. Оларға пәтер жалдап беремін. Көбірек тапсырыс алдым. Бірінің артынан бірі кеткеннен кейін жалғыз қалып қойдым. Жаңа жылдың алдында екеуі қалып қойды, Жаңа жылдан кейін бірден келеміз деген. Олар анау-мынау жағдай болды деп, ешқайсысы келмеді”, – деді жеке кәсіпкер Сейітбек Бердіқұлов. 

Полицейлер мәселенің ақ-қарасын анықтайтынын жеткізді. Жазылған арыз бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

“Бүгінгі таңда Алматының бірнеше аудандық полиция басқармаларында аталмыш жеке кәсіпкерге қатысты ұжымдық арыздар қарастырылу үстінде. Процесуалды шешім ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай қабылданатын болады. Міндетті түрде тексеру барысында болған оқиғалардың толық обьективті мән жайы анықталып, қылмыстық істері бойынша шешім қабылданатын болады”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Кәсіпкер алдағы уақытта жаңа жұмысшыларды тауып, екі айдың ішінде мәселені толық шешетінін айтып сендірді. Уақыт берген клиенттерге жиһазын өткізіп, бас тартқандарға қаражатын толық қайтарады. Алайда құрғақ уәдеге әбден тойдық деген жұрт кәсіпкердің заң жүзінде жазаға тартылуын талап етіп отыр.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жоғары білімі жоқ кәсіпкерлер туралы білесіз бе?

03.10.2022

Алматыда 150-ге жуық құрылыстың заңсыз екені анықталды

22.05.2023

Бақылау-касса машиналарының деректерін жіберу мен алу бөлігінде техникалық талаптар өзгерді

30.06.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа