No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматылық кәсіпкерлер қолайлы шартпен техника ала алады

14.12.2022
Жаңалықтар
14
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

25 жылдан бері кәсіпкерлікті микроқаржыландырумен айналысып келе жатқан KMF компаниясы жаңа және келісімшарттық арнайы техниканы сатумен айналысатын мультибрендті NKB Group компаниясының серіктес болды. Бұл ұйым нарықта 15 жылдан бері жұмыс істеп келеді және еліміздегі ірі жеткізушілердің бірі болып табылады.

 

 

KMF компаниясы KMF-ProMotor микрокредиттік бағдарламасы аясында әлемдік танымал өндірушілердің арнайы техникаларын сатып алуды ұсынады. Микрокредиттің максималды сомасы – 60 миллион теңге, ал мерзімі – 84 айға дейін. Сонымен қатар, ай сайынғы төлемді KMF мобильді қосымшасы арқылы жеңіл әрі жылдам жүзеге асыруға болады. Айта кетейік, бұл өнім әзірше тек алматылық кәсіпкерлер үшін қолжетімді. Болашақта басқа аймақтардың тұрғындары да KMF-ProMotor-ды пайдалана алады.

 

“KMF көптеген жылдар бойы Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдап, дамытып келеді. Бізге сенім артқан 250 мыңнан аса клиентіміз бар, көпшілігі ауылдық жерлерде шоғырланған. Олардың арасында сапалы және қуатты арнайы техника табысты бизнестің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын агробизнес, өндірістік кәсіпорындардың иелері бар. Сол үшін де біз кәсіпкерлерге қажетті техниканы сатып алу үшін ыңғайлы және икемді микроқаржыландыруды беру мақсатында NKB Group компаниясымен серіктес болуды шештік”, – дейді KMF компаниясының Сату және өңірлік желіні дамыту департаментінің директоры Арман Абылайхан.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, KMF – ProMotor аясында арнайы техниканың кез келген түрін таңдауға болады – жол- құрылыс, жүк көтеру-тиеу, қойма техникасы және тағы да басқа. Сонымен қатар, оны ЕҚҚДБ-ның GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша да сатып алуға болады. Ол үшін жабдықты таңдау жеткілікті, егер ол бағдарламаның параметрлеріне сәйкес келсе, клиентке микрокредит сомасының 10% көлемінде кэшбэк беріледі. Айта кетейік, KMF GEFF бағдарламасы бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің алғашқы қаржылық серіктестерінің бірі болып табылады.

 

KMF – микроқаржы индустриясының флагманы. Нарықта 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді. КMF стратегиясы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған, қызмет еткен жылдар ішінде мұнда 700 мыңнан аса клиентке қызмет көрсетілді. KMF микроқаржыландыруға қолжетімділікті қарапайым, ыңғайлы әрі жылдам ете отырып, цифрлық қызметтерді жетілдіріп, өз клиенттеріне бұдан да зор мүмкіндіктері ұсынуды жоспарлап отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ақтауда тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі адамдар еңбек ететін сұлулық салоны ашылды

23.08.2022

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Қызылордада күріш бағасы шарықтап кетті

07.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа