No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Алтын-Орда” ҚХР-дан кедергісіз тауар тасымалдау туралы келісімге келді

28.04.2023
Жаңалықтар
107
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Үкіметінің әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын төмендету және тұрақтандыру, сондай-ақ, Қазақстан мен ҚХР арасындағы екіжақты экономикалық қарым-қатынасты нығайту туралы тапсырмасының негізінде “Алтын-Орда” сауда-логистикалық орталығы басшылығының бастамасымен сауда-саттық, инвестиция және логистиканы дамыту бойынша серіктестік орнатуға бағытталған бірқатар құжаттар әзірленіп, қол қоюға дайындалуда, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Атап айтқанда, “Алтын-Орда” сауда-логистикалық орталығының Бас директоры Әлпиев Данияр Алтынбекұлының Қытай Халық Республикасына сапары барысында аспан асты елінде өндірілетін күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдер мен ауыл шаруашылығы тауарларын биылғы және алдағы жылдары тікелей жеткізу бойынша алдын ала келісімге келді.

Қазіргі уақытта әлемдегі саяси және экономикалық процестердің турбуленттілігін, рекордтық инфляция мен әлемдік экономиканың Орталық Азия аумағында да, Қазақстанда да тұралауын, соның салдарынан логистикалық байланыстардың үзілуін ескере отырып, ең қажетті тауарлар мен азық-түліктің бағасын төмендету және тұрақтандыру жұмыстары әлеуметтік шиеленісті шешудің ең тиімді жолы екендігі анық. 2023 жылы Қазақстанда азық-түлік бағасы соңғы 15 жылда болмаған көрсеткішке жетті. Осы жылдың ақпан айында инфляция 21,3 пайызды құрады.

Осыған орай, “Алтын-Орда” СЛО аталған мәселені бір жолға қою үшін кризис-менеджмент стратегиясын қолдану арқылы делдалдарды, яғни өндіруші мен тұтынушылар арасындағы алып-сатарлардың әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қазіргі кезде “Алтын-Орда” СЛО басшылығы Қытай тарапының қолдауынан кейін Қытай тауарларының ассортиментін зерттеп, алдын ала талдап, осы және алдағы кезеңдердегі сату көлемі мен нақты мерзімін жоспарлауда.

Тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында нақты нарықтық экономикаға көшу – мемлекетіміздің дамуындағы күрделі де маңызды кезең екенін бәріміз білеміз және түсінеміз. Сонымен қатар, осы күрделі кезеңдегі міндетімізге жауапкершілікпен қараймыз.

Қазіргі таңда “Алтын-Орда” сауда-логистикалық орталығы мемлекеттік қолдаудың арқасында халық тұтынатын негізгі тауарларды шығаратын қытайлық өндірушілермен тиімді келісімге келіп, бірқатар коммерциялық келісімшарттарға қол қоюға мүмкіндік алды.

Қытай Халық Республикасына сапар мен Бейжіңдегі 250 гектарға жуық аумақты алып жатқан ең ірі “Xinfadi” (Синьфади) азық-түлік көтерме базарын аралау барысында “Алтын-Орда” СЛО бас директоры Әлпиев Данияр Алтынбекұлы мен базардың бас директорының атқарушы орынбасары Гу Чжаосуэ кездесті.

Екі тарап негізгі тақырыптарды талқылау кезінде басқару, жаңа логистикалық технологияларды енгізу, көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Қытай тарапы Қазақстан Республикасының әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу саясатына оң баға берді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қарыз алғанға дейін орындайтын бес қадам

17.01.2023

Мемлекеттік корпорация заң бұзушылықтармен күресті күшейтті

18.04.2024

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды

06.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа