No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақпараттандыру саласындағы бизнеске талаптың 33,4%-ы базалық шарттарға сәйкес емес

«Атамекен» ҚР ҰКП сарапшылары Ұлттық экономика және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп кәсіпкерлерге қатысты қайталанатын нормаларды анықтады.

14.09.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтау», «меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдауға міндетті». Бұл нормалар «Ақпараттандыру туралы» заңынан алынып тасталады. Өйткені бұл нормалар «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР заңында жазылған.

«Жылдан жылға көптеген нормативтік-құқықтық акті шығарылады. Онда бизнеске қатысты қайталанатын,  қисынсыз келетін, кейбір жағдайларда бір-біріне қайшы келетін талаптар болуы мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда бұл белгілі бір мемлекеттік органның кінәсі деу қиын. Өйткені НҚА шешімдер қабылдаудың әртүрлі иерархияларына ие болғандықтан немесе бірнеше саланың тоғысында қабылдануы болуы мүмкін. Осыған байланысты, «таза парақтан» реттеу сияқты механизм бізге мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ өз кандидатураларын ұсынған сарапшылармен бірлесіп, нормаларды қайта қарауға/алып тастауға ұсынылатын кемшіліктерді анықтау рәсімін бастауға мүмкіндік берді», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Әлия Есмұханова.

Сондай-ақ, нормативтік актілердің қалыптастырылған тізбесі бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілетін жұмыс шеңберінде бірқатар ескірген және қайталанатын актілер анықталды. Осылайша, «Байланыс туралы» ҚР заңының 35-бабында бекітілген байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштері «Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін бекіту туралы» ЦДИАӨМ бұйрығымен сөзбе-сөз қайталанады. Жұмыс қорытындысы бойынша осы норманы негізгі етіп қалдыру, ал қалған жерлерде сілтеме ретінде көрсету бойынша шешім қабылданды.

«Байланыс қызметтерін көрсету бөлігінде операторлар тарифтік жоспарларды өзгерту және жою кезінде абоненттерге баламалы тарифтік жоспарларды ұсынатын болады», –  ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті басқармасының басшысы Айнұр Бейсенбаева.

«Атамекен» ҰКП тарапынан «таза парақтан» реттеу реформасын іске асыру шеңберінде қолданыстағы реттеуді түбегейлі қайта қарау бойынша толық ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Еске салсақ, 2023 жылдың қаңтар айынан бастап, егер талап тізілімге енгізілмеген болса, онда ол бойынша мемлекеттік орган бизнес өкілдерін тексеріп, жазалай алмайды. Бес пилоттық саланың ішінен ақпараттандыру және байланыс саласында талдау аяқталды. Жұмыс барысында 58 нормативтік-құқықтық актіге талдау жасалды және 821 талап анықталды, оның ішінде 275 талап (33,4%) – базалық шарттарға сәйкес келмейді. Мәселен, қайталанатын нормаларды қамтитын 200-ден астам норма анықталды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Бай әке, кедей әке” кітабындағы бай әкенің Робертке айтқан ақылы қандай?

09.12.2022

Кеңес: Ақша жинау үшін не істеу керек?

04.01.2023

Петропавлда ЖЭО-ны жөндеуге 5 млрд теңгеден астам инвестиция жасалмақ

28.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа