Қазақстанға АҚШ тарапынан қайталама санкциялар туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Қазақстандық банктер мен компаниялардың қайталама санкцияларға ұшырау қаупі бар. Мұндай мәлімдемені АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг жасады. Бұл санкциялар Ресейдің шектеулерді айналып өтуіне ықпалдастық көрсеткені үшін салынуы мүмкін дейді.
Розенбергтің айтуынша, АҚШ тарапы барлық қауіптерді нақты көрсету үшін қазақстандық әріптестерімен өзара іс-әрекет жасамақ.