No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

АҚШ-тың бұрыңғы Президенті Трамп тұтқындалды

05.04.2023
Жаңалықтар
97
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кеше АҚШ-тың 45-ші Президенті Дональд Трамп айып тағылғанға дейін қамауға алынғаны туралы CNN мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Трамп кеше өз еркімен Манхэттеннің аудандық прокурорының кеңсесіне келген. Онда америкалық заң процедурасына сәйкес, оны айыптау үшін сотқа дейін қамауға алынды. Айта кеткен жөн, Трамп АҚШ-тың бұрынғы Президенті ретінде бірыңғай құқық қорғау органдарының қорғауында болғандықтан, қолына кісен салынбады. Бірақ оның саусақ іздері алынған.

Трамп қамауға алынар алдында өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде бұл іске пікір білдіріп те үлгерген:

“Мен төменгі Манхэттендегі сот ғимаратына бара жатырмын. Бұның бәрі шын емес секілді, олар мені тұтқындағалы жатыр. Бұл Америкада болып жатқанына сене алмаймын. MEGA! [Make America Great Again]”, – деп жазды ол.

CNN хабарлауынша, Дональд Трамп сот ғимаратына барған соң, Манхэттен соты АҚШ-тың бұрынғы Президентін ресми қамаудан әзірге босатқан. Ал Трамптың адвокаты АҚШ-тың экс-Президентіне тағылған айыптар негізсіз екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ CBS News телеарнасының мәліметінше, Манхэттен сот залында Дональд Трамп өзіне тағылған 34 айып бойынша кінәсіз екенін жариялаған.

“Бұрынғы Президент Дональд Трамп іскерлік құжаттарды бұрмалағаны үшін 34 айып бойынша кінәсін мойындамады”, — деп хабарлайды телеарна.

Трампқа қандай айып тағылған?

 Трампқа қасақана жалған қаржылық құжаттама жасау ісі бойынша айып тағылған. 2016 жылғы президенттік сайлауға дейін Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэн актриса Сторми Дэниэлске үнсіздік үшін 130 мың доллар ақша берген. Трамп пен Дэниэлс 2006 жылдан бастап 4 жыл көңілдес болған.

Президеттік сайлау алдында өз репутациясын құртпас үшін Трамп актрисамен жария етпеу туралы келісім жасаған. Бірақ оқиға 2018 жылы ашылады. Дэниэлс “In touch Weekly” журналында сұхбат беріп, онда бұрыңғы АҚШ Президентімен қарым-қатынасы туралы айтып берген.

Сторми Дэниэлс

Заң жүзінде Трампның Дэниэлске үнсіздік үшін ақша беруі қылмыс емес. Алайда айыптаушы тарап Трамптың өз адвокатына берген (ары қарай Дэнилске төлеу үшін) 130 мың долларды Trumpgganization бюджетінен “заңдық қызметтер” үшін деп көрсеткеніне сенімді. Егер сот кезінде жалған құжат Трамптың өзге қылмысын жасыру үшін жасағаны дәлелденсе, ол 4 жыл бас бостандығынан айырылу мүмкін.

Бұрын Америкада Президенттің тұтқындалуы болған ба?

150 жылдан астам уақыт бұрын АҚШ Президентін тұтқындау фактісі болған. 1872 жылы Вашингтонда полиция қызметкері АҚШ-тың сол кездегі Президенті Улисс Гранттың жылдамдығын асырғаны үшін қамауға алған. Грант қала ішінде ат арбамен қатты жылдамдықта шауып жүрген. Полиция қызметкері оны екі рет тоқтатып, алдымен ескерту жасады. Бірақ Грант полицияға тағы да ұсталған. Содан кейін Президентті тәртіп сақшысы қамауға алып, учаскеге апарған. Улисс Грант сол күні жиырма доллар көлемінде кепіле ақша беріп, қамаудан шыққан.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жастарға арналған жалдамалы пәтер ережесі өзгерді

04.04.2023

Алимент алатын шот бұғатталса, не істеу керек?

25.06.2023

Еңбектің наны тәтті…

01.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа