No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақша жинаудың 5 тәсілі – маман кеңесі

05.08.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Болашаққа деген сенім өте маңызды, көп жағдайда ол қаржыға байланысты болады. Осы орайда сарапшы Бақыт Толқынов ақшаны қалай дұрыс жинауға болатынын айтты.

Біріншіден, ақша жинауды бастау үшін сізге не үшін ақша қоры қажет екенін түсіну қажет.

Ақша қоры мынадай жағдайларда қажет болады:

  • жұмыстан шығу немесе табыстың күрт төмендеуі, мұндай жағдайда жинақталған қаржы бірқалыпты өмір сүру деңгейін сақтауға көмектеседі;
  • жұмыс істейтін саланы ауыстыру туралы шешім;
  • сырқаттанып қалу;
  • пәтерді не автокөлікті шұғыл жөндету қажет болғанда.

Яғни, жинақталған қаржы қиын кезде өмір сүру деңгейінің төмендемеуі үшін қажет. Маңызды ескерту! Жаңа киім немесе шетелде демалу сөз болып отырған жоқ.

Бірден жинаңыз

Жалақы ала салысымен бірден қажетті бөлігін сақтап қоюыңыз қажет. Сарапшылардың мұндай жағдайда “алдымен өзіңе төле” дейтіні бар.

“Жеке тәжірибемді айта кетейін. Мен бірнеше депозит аштым, екеуіндегі қаржы көлемі бірдей болды. Алайда біреуін жинауға екі жыл кетті, екінші депозитті сегіз айда жинап шықтым. Айырмашылық жинау жолына байланысты болды. Бірінші жағдайда мен алдымен қарызымды беріп, ата-анама көмектестім, өзім қалаған заттың бәрін істедім, содан кейін қолымда бар ақшаны жинау қиын болды. Соған байланысты депозитім мұқияттылық жеңген кезде ғана толықтырылып отырды. Екінші жағдайда мен тиісті соманы бөлмейінше жаратылмайтын”, – дейді Бақыт Толқынов.

Табыстың бір бөлігін сақтап қою

Кей сарапшы табыстың кем дегенде 10 процентін кейінге қалдыру керек дейді, ал басқалары 20 процент қалдыруды ұсынады. Бұл жерде процент пен қанша бөлігін қалдыруға емес, ол соманың көлеміне мән берген жөн. Егер табысыңыздың айтарлықтай бөлігін кейінге сақтар болсаңыз, ақшасыз өмір сүру сізді жалықтырып жібереді. Содан кейін бірден қолда бар ақшаның бәрін жаратып тастауыңыз да мүмкін. Сондай-ақ ай сайын көзге көрінбейтін ақшаны қалдырып отыру да пайда әкелмейді, себебі қалаған сомаңызды жинауға жылдар кетеді. Сондықтан басты кеңес – шектен шықпау.

Өзіңді ақшадан немесе ақшаны өзіңнен оқшаулау

Бұл кеңес қаржыны сақтауға келгенде әлсіз адамдар үшін маңызды.

“Бұл да өз тәжірибемнің бір бөлігі. Мен ақшаны жинауға тырысқанда үйде немесе басқа картамда сақтадым. Арасында шұғыл түрде ақша қажет болғанда сол жинаулы ақшадан алдым. Осылайша ай сайын кейінге қалдырған ақша жаратылып кетті. Бір досым депозит ашуды ұсынып, содан кейін ақшаны сақтап қалуға мүмкіндік алдым”, – дейді Толқынов.

Жинағыңыз күйіп кетпесін

Бұл кеңес алдыңғы кеңеске тікелей байланысты. Ақшаны өзіңнен алшақтатып қана қоймай, оның қандай да бір табыс әкелгені дұрыс. Мысалы, инфляцияны немесе бір бөлігін жабуы керек. Айталық, биыл қарашада 2020 жылдың қарашасына қарағанда инфляция 12,3 процентті құрады. Егер ақша құрдан құр жата беретін болса, ол бір жыл ішінде сатып алу қабілетінің оннан бір бөлігін жоғалтады. Әртүрлі нұсқа бар: бағалы қағаздар, депозит, алтын сатып алу.

Инвестицияны ойланып құю

Әлемде жинақты салудың көптеген нұсқасы бар. Бірақ әркімнің өз тәуекелдері бар екенін есте ұстаған жөн, депозиттер бойынша тәуекел төмен, ал қаржы пирамидасы үлкен тәуекелді қажет етеді. Сондықтан өзіңізді қауіп-қатерден қорғау үшін бір жерге емес, бірнеше бағытта қаржы құйған жөн. Бұл “әртараптандыру” деп аталады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Гүл терем деп айыппұл арқалап қалмаңыз!

13.03.2023

Жетісулық тұтынушылар қорына 5 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды

17.01.2023

Сертификаттауы міндетті құрылыс материалдарының саны артады

13.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа