No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбедегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қолдауымен 10 әйел өз ісін ашты

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы өткен жылда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 476 әйелге мыңнан астам қызмет көрсетілді. Бұл кеңес беру, оқыту, тәлімгерлік қолдау, әйелдер бизнесінің қазіргі жағдайын бағалау.

08.01.2023
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

55 ақтөбелік кондитерлік, тігін өндірісі және сұлулық қызметтері сияқты бағыттар бойынша бейіндік оқытудан өтті. 300-ден астам әйел әлеуметтік кәсіпкерлік, SMM, кооперация, салық және бухгалтерлік есеп, бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілері және т.б. бойынша жеке және кәсіби өсу тренингтері мен шеберлік сабақтарына қатысты.

«Орталық арқасында көптеген адамдар форумдар мен көрмелерге қатыса алды, бұл олардың өнімдері мен қызметтерін ілгерілетуге, клиенттік базаны кеңейтуге және серіктестік байланыстарды орнатуға ықпал етті. Кәсіпкерлік бастамасы бар он әйел менти ретінде іріктеліп алынып, сертификатталған тәлімгердің, Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Күлпаршин Айдарханованың сүйемелдеуіне ие болғаны маңызды. Жұмыс топтарда да, жеке де жүргізілді: консультациядан бастап бизнесті кеңейту, тәуекел–менеджмент және өнімді өткізу нарықтарын кеңейту, өнім желісі және бизнес-процестерді жетілдіру мәселелеріндегі сараптамаға дейін», — атап өтті ӨКП директоры Дана Бекбауова.

Нәтижесінде Гүлнұр Баймұқанова жеке кәсіп ұйымдастырып, нәрестені емізу бойынша кеңес беруде. Ментордың қолдауының арқасында перзентханаларға қол жеткізді, бүкіл Қазақстан бойынша әйелдерге онлайн кеңес береді, өзінің «Релактация» авторлық марафонын патенттеуді жоспарлап отыр. Ментормен жұмыс істеу кезеңінде айналымды 2,5 есеге арттырып, екі жұмыс орнын ашты.

Өз кезегінде Әсемгүл Қайрақбаева тәлімгердің қолдауымен қызмет саласын кеңейтіп, асхана ашып, 10 жұмыс орнын ашты. Қосымша екі наубайхана ашып, тағы 7 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Айналым екі есе өсті.

Ал көп балалы ана Венера Ардашева массаж кабинетін ашып, бір жұмыс орнын ашты. Сонымен қатар оқу курстарын өткізеді.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының арқасында мен өңірдің көптеген танымал кәсіпкерлерімен таныстым, бірнеше тренингтен өттім. Менің санамның қалай өзгергенін байқадым. Егер бұрын мен үйде отырып көмек күткен болсам, ментор мені әрекет етуді үйретті. Баршаңызды өз ісін жүргізуге үйренуге, «Атамекен» палатасына, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына жүгінуге, шеберлік сабақтарына қатысуға шақырамын. Бір сөзбен айтқанда — бұл өсу. Бүгінде кез-келген түрдегі массаж өте сұранысқа ие. Барлығы әдемі және сау болғысы келеді. Мен сұлулық салондарымен де, үйде де жұмыс істеймін. Жыл соңында тәлімгер бизнесімді жүргізү үшін ынғайлы бөлмемен көмектесті», — деп бөлісті Венера.

Мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін бизнес–жобаны әзірлеу сатысында. Венера Ардашева қызметтің тағы бір бағытын — клининг қызметтерін ұйымдастыруға үміттенеді. Бұл балаларымның болашағы үшін, дейді.

Мұндай мысалдар көп.

Табандылығы мен бизнесті жүргізуге және дамытуға деген ұмтылысы үшін барлық 10 менти Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы жобасының серіктесі Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының — Лондон бизнес мектебінің құттықтау хаттарымен марапатталды.

Табыстауды тәлімгер Күлпаршин Айдарханова жүргізді. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының үйлестірушісі Ләззат Жаманқұлованың жұмысы да атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы өткен жылдың наурыз айында Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған болатын. Қызметтер, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы сияқты, тегін негізінде көрсетіледі. Ағымдағы жылы орталық жұмысын жалғастырады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді де, кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді де одан да көп қамту жоспарлануда.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қоян жылы кімдерге табыс әкеледі?

04.01.2023

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға  140 млрд теңге бөлінді

26.01.2023

Бизнес серіктес табудың жолдары

30.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа