No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әскерге сау кеткен сарбаз 8 айдан кейін ауруханадан бірақ шықты

26.07.2023
Жаңалықтар, Әлеумет
Фото: видеодан скриншот

Фото: видеодан скриншот

41
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жамбыл облысында әскерге кеткен сарбаз сегіз айдан кейін ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Жақындарының айтуынша, соққының салдарынан жігіттің қабырғасы сынып, бауыры ісіп кеткен, деп хабарлайды kazbusiness.kz 31-арнаның Информбюро жаңалықтарына сілтеме жасап.

Қазан айында Жамбыл облысындағы 91/678 әскери бөліміне борышын өтеуге кеткен Ерлан Бекеев маусымда ауырып қалған. Алайда ата-анасына ештеңе ескертпеген. Әскерилер туыстарына тіс жармастан, сарбазды ауруханадан алып шығып, емшілерге апарыпты.

Анасы алғашында баланың құлап қалдым дегеніне сеніп жүре берген, алайда сол жақта тұратын туысы оның халі нашар екенін жеткізген. Ұлы кейін әскери бөлімдегілердің соққысына жығылғанын мойындаған.

«Үш жылдық контрактідегі сержант баламды ұрған. Басынан, ішінен тепкен. Баланы қорқытқан. Сенің әлі төрт айың бар, қазір сегіз ай өтедің. Егер біреуге айтып қойсаң, қалған төрт айыңда қинаймын. Әскери билет бермей, мінездемені жаман етіп жазамын деп қорқытты», – дейді сарбаздың анасы Гүлжәмилә Бәйленова.

Сарбаз жоғары оқу орнына түсе алмай қалған. Әскерге барғандарға оқуға түсу мүмкіндігі қарастырылғанын естіп, өз еркімен міндетін атқаруға аттаныпты. Бес жылға келісіммен әскерде қалуды да көздеп жүрген. Бірақ аяусыз соққыдан кейін жағдайы нашарлады.

«Ота жасауға болмайды деп, өздері емшіге апарған. Емші басынан соққы алған, үш қабырғасы сынып, өті қозғалған, бауыры ісіп тұр деген. Бала жазылмай, жағдайы ушыға бергеннен кейін Таразға ауыстырға», – деді сарбаздың ағасы Нұрдәулет Бекеев.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері Ерлан Бекеевті ешкім ұрып-соққан жоқ деп отыр. Кезекшілікте тұрған кезде басын ұрып алғанын айтты.

«Қатардағы жауынгер Ерлан Бекеевті ешкім ұрып-соқпаған. Осы факт бойынша Тараз гарнизоны әскери полиция өкілдері тексеріс өткізді. Тексеріс барысында билігін асыра пайдалану фактісі орын алған жоқ, ешкім ұрып-соқпағаны дәлелденді. Компьютерлік томографияға түсіру барысында патологиялық көрініс анықталған жоқ. 05:43 кезекшілікте тұрған кезде ұрып алған», – деді Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы басқармасының аға офицері майоры Рахат Төлібай.

Жәбірленушінің анасы Гүлжәмилә Бәйленова мұнымен келіспейтінін жеткізді. Қиянат жасағандарды заң алдында жауапқа тартуға ниетті.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Бизнеске қойылған он мыңнан аса артық талап анықталды

31.01.2023

2025 жылға дейін бүкіл ауылдар сумен қамтамасыз етіледі

24.04.2023

Сарыағаштағы 5 жасар қызды өлтірген кім екені белгілі болды

15.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа