No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астық жинау науқаны басталғаннан бері 6,1 миллион гектар бидай жиналды

Егін жинау науқаны басталғаннан бері қазақстандық шаруалар 6,1 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгерді, бұл жоспардың 38% астамын құрайды. Бұл туралы kazbusiness.kz ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

01.09.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

12,3 ц/га орташа өнімділік кезінде 7,5 млн тонна астық бастырылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 2,5 млн тоннаға артық (2021 жылы осындай күнге 5,1 млн тонна бастырылған болатын).

Биылғы жылы өнімділіктің өсуіне қолайлы ауа-райы жағдайлары, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстары кезінде агротехникалық шаралар кешенін уақтылы жүргізілуі және өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету ықпал етті.

Ішкі тұтыну мен қазақстандық нарықты қамтамасыз етуге және бидайдың бір бөлігін экспортқа жөнелту үшін астықтың жеткілікті көлемі алынады деп болжанып отыр.

Қаржыландыруға келетін болсақ, 2022 жылы бюджеттік кредит 140 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 2 есе жоғары. Астықты форвардтық сатып алу шеңберінде қаржыландыру 100 млрд теңгеге дейін көбейтілді немесе бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе артты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелеу тетігі пысықталғанын атап өту қажет. Жеңілдікті лизингке шамамен 40 млрд теңге бөлінді.

Бұған қоса, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Ол үшін ведомствода барлық туындаған проблемалық мәселелерді уақтылы шешуге арналған жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қор нарығында доллар 3,76 теңгеге арзандады

02.08.2022

Азық-түлік тапшылығы болмай ма: егіс науқаны қалай жүріп жатыр?

05.04.2023

Aramco АҚШ компанияларымен 90 миллиард долларлық келісімге қол қойды – Bloomberg.com

16.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа