No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек

14.09.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев сенаторларға асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша заңнамаға ұсынылатын түзетулер туралы айтып берді.

Заң жобасы селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттырып, асыл тұқымды мал басының санын арттыруы тиіс.

«Біріншіден, уәкілетті органның құзыретін кеңейту көзделіп отыр. Атап айтқанда, 13-бапта уәкілетті органның құзыреті жануарларды индекстік бағалауды жүргізу ережелерін әзірлеу және бекіту, жануарларға молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту және геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу функциясымен толықтырылады», – деді Ербол Қарашөкеев.

Бұл мал шаруашылығының генетикалық әлеуетін жедел арттыру мәселелерінде жұмыстың сапалы жаңа деңгейіне көшу үшін қажет.

«Бұдан бөлек, екінші – республикалық палаталардың өкілеттіктерін кеңейту және нақтылау көзделіп отыр. Қазіргі уақытта бізде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу бойынша негізгі жұмыстар тиісті республикалық палаталарға берілді. Өткен жылдардың тәжірибесі олардың өкілеттіктерін одан әрі кеңейту және сол арқылы олардың неғұрлым тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау қажеттігін көрсетті. Атап айтқанда, республикалық палата мүшелерінің кезектен тыс жиналысын шақыру мерзімдері және республикалық палата төрағасының өкілеттік мерзімдері заңнамалық деңгейде айқындалады», – деп қосты министр.

Бұдан басқа, республикалық палатаның атқарушы органына асыл тұқымды жануарлардың тізілімін жүргізу және асыл тұқымды малдың республикалық тізіліміне енгізу үшін оның деректерін уәкілетті органға ұсыну бойынша қосымша құзырет беріледі.

«Ауыл шаруашылығы бейініндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілеттіктері күшейтіледі. Атап айтқанда, оларға селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасын жүргізу функциялары беріледі, сондай-ақ аталған ұйымдар уәкілетті органмен бірлесіп жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысатын болады», – деді ведомство басшысы.

Сонымен бірге жобада асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында профилактикалық бақылау жүргізудің ерекшеліктерін регламенттеу жоспарланып отыр.  Бұл норма ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес енгізіледі. Мемлекеттік бақылаудың бұл түрі субъектіге (объектіге) бармай-ақ бұзушылықтарды уақытылы болдырмауға және жол бермеуге мүмкіндік береді және ең бастысы бақылау субъектілеріне өз бетінше уәкілетті орган аңықтаған бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік жасайды.

 «Бұдан бөлек, құжатта «екінші санаттағы етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды» анықтау мәселесінде өз уақытында жіберілген олқылық түзетілді. Енді бұл санат үшін асыл тұқымды малдың куәліктерінде оның асыл тұқымын тек аталық қана емес, сонымен қатар аналық жағынан да көрсету талабы қойылады», – деді министр Қарашөкеев.

Сондай-ақ, аталған заң жобасы АӨК дамытуды және биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізуді көздейді. «Биоэтанол» ұғымын кеңейту ұсынылады, бұл өндірілетін өнімді бензинге арналған қоспа ретінде ғана емес, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру үшін де өткізуге мүмкіндік береді. Бұл қайта өңдеушілердің өнімді өткізу бойынша мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді, бұл өз кезегінде өндірістің ұлғаюына және саланың дамуына әкеледі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Жекеменшік мектептерде оқу ақысы 2 есе арзандайды

02.08.2023

«Каспий жұма» – халықты қанау ма?

19.07.2023

Олигархтарды мемлекет қаржысымен байытып отырмыз ба?

30.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа