No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Атамекен” ұлттық палатасы шағын және орта бизнеске баса мән беруде

21.10.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бұл туралы ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов сауда, агроөнеркәсіптік кешен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту комитеттерінің жиналысында айтып, Ұлттық палатаны трансформациялау жобасын таныстырды.

«Қаңтардағы оқиға бүкіл мемлекеттік жүйені өзгерту қажеттігін көрсетті. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы да шетте қалмады. Біз басымдықты шағын шағын бизнеске ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта «Атамекен» тарихында алғаш рет шағын кәсіпкерлерге Төралқа құрамына кіруге мүмкіндік беру – алғашқы қадам болмақ», – деді Райымбек Баталов.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заң 2013 жылы қабылданды. Осы уақыт ішінде құжат заман талабы және жаңа технологияларға сай болмай қалды. Ұлттық палатаны ашық, клиентке бағдарланған, демокартиялық ұйымға трансформациялау шеңберінде бес негізгі бағыт бойынша жұмыс істеу тәсілдерін қайта қарау жоспарланған. Атап айтқанда, өңірлік бизнесті, салалық бизнесті қолдау және дамыту, адами капиталды дамыту, ҰКП процестері мен сервистерін цифрландыру, бизнесті қорғаудың экожүйесін құру.

Бизнесті қорғау жеткіліксіз екенін кәсіпкерлердің өзі де көтеріп келеді.  «Шопан-ата» Қазақстан қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев өңірлерде соңғы отыз жыл ішінде жинақталған заңсыз сот шешімдері мен тексерулердің теріс тәжірибесі бар екенін жеткізді.

«Жұмыс тобы форматында бизнесті нақты қорғау қажет. Егер біз  осы шаруамен қазір тығыз айналыспасақ, қаңтар айындағы оқиғалар қайталана ма деген қауіп бар. жергілікті жерлерде мұндай әлеуметтік шиеленісті алып тастау қажет», – деді Алмасбек Садырбаев.

Ұлттық палата бизнесті қорғаудың экожүйесін құру, кәсіпкерлердің проблемаларын анықтау және жою жөніндегі жұмысты көптен бері жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Ол үшін ҰКП, Мемлекеттік органдар, адвокаттық және заңгерлік қоғамдастықтардың өкілдерімен жұмыс топтары құрылды. Олар кәсіпкерлердің қазіргі проблемалары жайында мәліметтерді жинап қана қоймай, шешумен де айналысып жатыр.

4 қарашада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі өтеді. Онда трансформация жобасы таныстырылады. Трансформация бағытындағы өзгерістер 2025 жылға дейін үш кезеңде іске асырылады.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандықтардың депозитіне өтемақы төленді

24.03.2023

Түркістанда автокөлікке арналған фильтр өндіріледі

20.09.2022

Бизнеске қатысты 400 заңсыз қозғалған іс тоқтатылды

29.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа