No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Атамекен” ұлттық палатасының құрылғанына 9 жыл: жетістіктері қандай?

09.09.2022
Жаңалықтар
15
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылғанына 9 жыл толды. Палата осы уақыт ішінде тиісті нәтижелерге қол жеткізіп, дербес институт ретінде қалыптасты. Ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 8 пайызға өсті, деп жазады kazbusiness.kz сайты atameken.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

“Атамекен” 1,4+ миллион кәсіпкерді біріктіреді және Ұлттық палатада 199 қауымдастық (одақ) тіркелген. Қазақстандық кәсіпкерлерге бизнесті қорғау бағдарламасы бойынша 230,2 млрд теңгені сақтауға көмектесті (айыппұлдар алынып тасталды, активтерді қайтару және т.б.). Бизнестен қорғау жүйесі бойынша кәсіпкерлерден 18 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың 43% шешілді.

Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Ұлттық палатаның орталық аппараты, өңірдегі филиалдары және еншілес ұйымдарының қызметкерлерін құттықтап, ұйымның алдындағы трансформацияның маңызына тоқталды.

«Соңғы уақытта жұмыс өте ауыр болды, бірақ бұл біздің қаншалықты мықты екенімізді, қиын уақытта бір-бірімізге иық тіреудің қаншалық маңызды екенін тағы бір рет көрсетті. «Атамекен» палатасының күші де осы. Палата қазір өзгеріп жатыр. Оны бизнес түсінуі керек», – деді басшы.

Райымбек Баталов, ең алдымен, өңірдегі филиалдарды дамыту керегін атап өтті. Себебі олар аймақтағы кәсіпкерлермен тікелей жұмыс істейді. Бүгінде 20-ға жуық филиал бар. Айта кетейік, «Атамекеннің» Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында өкілдіктері ашылды.

Сонымен қатар, Ұлттық палата трансформациясының 5 бағытына тоқталды:

  1. Шағын-микро бизнес;
  2. Орта және ірі бизнес;
  3. Бизнесті қорғау (сот, құқықтық, салық реформасы);
  4. Адами капитал;
  5. Трансформацияның өзі – жобалық тәсіл , цифрландыру және т.б.

«Мемлекет басшысының жолдауында біз көтеріп жүрген мәселелер айтылды. Яғни, билік біздің уәжімізді назарға алады… Мемлекет бизнестің қалауына құлақ асады. Жалпы осы бағыттарды негізге ала отырып, трансформацияны жалғастырамыз. Сонымен қатар, біздің энергетика, көлік, АӨК бірнеше салалары бойынша жобаларымыз бар. Бұл бағыттардың бәрінде де нәтиже көрсетуіміз керек», – деп тоқталды Райымбек Баталов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Стипендия жазда берілмейді”: министрлік пікір білдірді

09.06.2023

193.8 млрд теңге: Қазақстанға Ресейден аударылған қаражат көлемі

16.09.2022

Жоғары білімі жоқ кәсіпкерлер туралы білесіз бе?

03.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа