No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атыңыздан несие рәсімделгенін қалай білуге болады?

04.08.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
18
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Полицияға басқа адам атынан несие алатын алаяқтардың құрбаны болғандар жиі хабарласады. Олар көбіне банк пен микрокредит ұйымдары хабарласқан кезде ғана қарыздары бар екенін біледі.

Егер банк несиесін ресімдеген болсаңыз, онда сізде кредит тарихы қалыптаста бастайды. Онда несие, қайтару мерзімі және төлеу мерзімін өткізіп алу туралы деректер сақталады. Заң бойынша жылына бір рет Қазақстанның әрбір азаматы өзінің несие тарихын тегін біле алады. Ал бір жыл ішінде несие тарихын қайта сұрау қызметінің құны 400 теңге болады.

Несие тарихын еліміздегі ХҚКО-ларда және “Қазпошта” бөлімшелерінде білуге болады. Несие бюросының веб-сайтында және Egov.kz порталында несие тарихын онлайн білуге болады, мұндайда электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

eGov.kz қызметінде несие тарихы “дербес несие есебін алу” бөлімінде қолжетімді, деп жазды Tengrinews сайты.

Әрі қарай сіз деректерді жинауға және өңдеуге, сондай-ақ, Бірінші несие бюросында сіз туралы ақпарат жинауға келісім беруіңіз керек. Кейін қызметке ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Шамамен 15 минут күтуіңіз керек.

Егер ақпаратты тағы алғыңыз келсе, сізден қызметке ақы төлеуді сұрайды. Сайтта төлем үшін комиссия алынбайды, бірақ Halyk банктің электрон төлем терминалы арқылы Kaspi Bank картасымен төлегіңіз келсе, комиссия 100 теңге болады.

Құжаттар өтініш берген соң 4 минуттан кейін дайын болады.

Құжаттан барлық ақпаратты көре аласыз. Онда кейінгі 10 жылдағы барлық несие мен олар бойынша төлем туралы ақпарат бар. Ең маңызды ақпарат үшінші бетте, несие кестесі. Егер несиеңіз болмаса, бағандарда нөл тұрады.

Бірінші несие бюросы азаматтың несие беруші алдындағы міндеттемелерін қалай орындағанына қатысты мәлімет жинайды.

“Егер несие есебіңізде бұрын өтелген несие шарттарында төлем мерзімі кешіккен жағдайлар болса, онда бұл ақпарат осы кестеде көрсетіледі. Егер кестеде көрсетілген мәлімет дұрыс болса, онда олар жою, түзету, жаңартуға келмейді”, – деп түсіндірді бюрода.

Соңында несие тарихыңызды бұрын кімдер сұратқанын көре аласыз. Олар негізінен сіз несие немесе ипотека алуға өтініш берген банктер болады.

Бюро мәліметінше, егер несиелік есепте қамтылған ақпаратпен келіспесеңіз, өзіңіз алмаған несиелер көрсетілсе немесе іс жүзінде болмаған төлемді кешіктіру жағдайлары көрсетілсе, ақпарат жеткізушіге, яғни несие берген банк немесе кредит бюросына ақпаратты даулайтын өтінішпен жүгіну керек. Бюро мекенжайлары олардың ресми сайтында көрсетілген.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Өскеменде кафедегі өрт салдарынан 55 адам эвакуацияланды

03.07.2023
фото: ашық дереккөз

Көлік нөміріне тартымды әріптерді таңдауға рұқсат берілмек

02.07.2023

Алматы палатасының сарапшылары 39,4 млрд теңгеге кәсіпкерлердің құқығын қорғады

30.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа