No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ауыл аманаты» : Бизнесті қолдауға арналған жаңа бағдарлама іске қосылады

Биыл «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы үшін республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінеді. 61 елді мекеннің тұрғындары үстемеақысы 2,5% болатын несие алып, өз бизнесін бастай алады. 2023 жылы тағы 3,5 млрд теңге қарастырылады.

27.10.2022
Жаңалықтар
Paper banknotes tenge KZT. Tenge is the national currency of Kazakhstan. bank of Kazakhstan

Paper banknotes tenge KZT. Tenge is the national currency of Kazakhstan. bank of Kazakhstan

2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында тұрақты макроэкономикалық өсім сақталып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов облыстық, қалалық мәслихат депуттары, Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде айтты.

Есепті кезеңде жеті негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің алтауында өсім бар. Атап айтқанда, өнеркәсіптің өсу қарқыны 101,8%, инвестициялар – 101,3%, ауыл шаруашылығы – 105,8%, құрылыс – 103,6%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 101,8%, көлік және қойма логистикасы – 103,1% деңгейін көрсетті. Былтырғымен салыстырғанда төмен көрсеткіш тек сауда саласында байқалады.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ералы Тоғжанов облыс әкімі қызметіне тағайындалған күннен бастап өңірдің барлық ауданын аралады. Халықты толғандырған проблемалық мәселелерді жеке бақылауына алды. Нәтижесінде қысқа мерзімде 41-разъезд ауданында «Оңтүстік айналма жол» және «Ақтөбе-Қандыағаш» қайта жаңғыртылып жатқан жолдардың төрт жолағының екеуі пайдалануға берілді. Жол құрылысы маусымының қызған кезінде битум тапшылығы мәселесі шешілді.

Ақтөбе қаласының аумағын абаттандыру және санитариялық тазарту жұмыстары күшейтілді. Қазан айында Астанада өткен «KGIR 2022» халықаралық форумында облысты дамыту бағытында маңызды келісімдерге қол қойылды. Оның шеңберінде құны 735 миллион доллар болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Келесі жылдан бастап Ақтөбе қаласында битум зауыты, ядролық медициналық орталығы, кәріздік тазарту құрылғысы жобасы, көлік-логистикалық хабы және еліміздегі ең ірі болат балқыту зауыты салынады.

«Біздің алдымызда өңірдің өзекті мәселелерін әрі қарай тиімді шешу міндеті тұр. Оның ішінде, ауыл халқының табысын арттыру үшін біз «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын іске қосамыз. Биыл жобаға республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлініп, 61 елді мекеннің тұрғындары 2,5% жеңілдікті несие алып, өз бизнесін бастай алады. 2023 жылы қосымша 3,5 млрд теңге бөлініп қамтылатын ауылдар саны артады. Осы жобаны іске асыра отырып, біз жаңа жұмыс орындарын ашамыз, мал мен құс басын көбейтеміз және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз», — деді өз сөзінде облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бұдан өзге Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы Хромтаудың экономикасын әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінбек. Дәлірек айтқанда шағын және орта бизнеске жалпы сомасы 2 млрд теңге болатын 3 пайыздық несие беріледі.

Облыс әкімінің жіті бақылауындағы тағы бір проблема – жолдардың сапасы. Ірі жобалардың қатарында «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын», «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» және «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» трассаларын жөндеу бар.

«Тұрғын үй құрылысы саласында да проблемалық нысандар бар. Бүгінгі таңда Ақтөбеде осындай 11 нысанға 540 үлескер жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге қаражат салған. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу үшін тапсырмам бойынша «Құрылыс кооперативтердің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі жол картасы» бекітілді. Қазіргі уақытта барлық 11 нысан құрылысын аяқтау үшін әлеуетті инвесторлар табылды. Келесі жылы барлық проблемалы үйлер пайдалануға берілуі тиіс», — деп нақтылады өңір басшысы.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов депутаттарды өңірдің елді мекендерін абаттандыру, қала мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне белсенді қатысуға шақырды. Ақтөбеде жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге қала көшелерін жарықтандыру бойынша ауқымды жоба қолға алынды. Келесі жылы 100 аула аумағын абаттандыру жоспарланды.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қаржылық сауат жайлы үздік фильмдер топтамасы

04.01.2023

Ауылшаруашылық техникасының жеңілдетілген лизингі бойынша 9,3 млрд теңгеге өтінім түсті

16.08.2022

Талғар ауданында 100-ге жуық тұрғын жерін заңдастыра алмай келеді

01.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа