Ауыл оқушылары сыныптасының жағдайын ойлап, көз протезін жасады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылыңдағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан.
«Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды», – дейді оқушылар.
Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаcын 2 айда жүзеге асырған. Енді олар екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемек.