No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығындағы субсидиялаудың бес түрін алып тастайды

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа ережелерін әзірлеуді аяқтауда. Қаржы құралдары бойынша мемлекеттік қолдаудың барлық бағыттарын сақтау жоспарлануда: инвестсубсидиялау, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, сақтандыру жарналарын субсидиялау, сондай-ақ қарыздарды кепілдендіруді сақтандыру. Бұл ретте басқа субсидиялардың бір бөлігі алынып тасталады, сондай-ақ фермерлер үшін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

26.09.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

“Мал шаруашылығы бойынша субсидиялаудың 5 түрін алып тастау ұсынылады: өндірушілердің, олардың ұрығының, эмбриондарының құны, өндірушілерді жалға алу, сондай-ақ қолдан ұрықтандыру қызметтері. Оның орнына субсидиялау нормативтерінің едәуір ұлғаюымен селекциялық-асылдандыру жұмыстарын қаржыландыру ғана қалдырылсын”, – деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Батыс Қазақстан облысының фермерлерімен кездесуде.

Ол сондай-ақ субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелер туралы айтып берді: жыл сайын өз өнімін өткізу көлемін кемінде 3% – ға ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру және өнімді форвардтық келісімшарт бойынша тұрақтандыру қорларына жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ өндіріске кемінде бес жылда бір рет инвестициялар салу.

Субсидиялаудың жаңа ережелерін 2023 жылдың басынан бастап енгізу жоспарлануда.

Ербол Қарашөкеев биыл ауыл шаруашылығына қосымша қаражат бөлінгенін айтты. Субсидиялаудың жалпы көлемі 451 млрд теңгені құрайды, “Кең дала” бағдарламасы бойынша қаржыландыру 2 есеге артты – 140 млрд теңге, сондай-ақ форвардтық сатып алуға бөлінген сома өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 80 млрд теңгені құрады. Бұдан басқа, несиелер мен лизинг бойынша сыйақының қолданыстағы нарықтық мөлшерлемесі 20% болған кезде фермерлер үшін 6% мөлшерлеме көзделген, қалғанын мемлекет өтейді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жетісулық кәсіпкерлер ауылдарды көркейтуге үлес қосып жатыр

13.09.2022

“Бұл көрсеткіштер өте төмен”: депутат Гаухар Танашева “Бақытты отбасы” мен “Шаңырақ” бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауды ұсынды

24.06.2023

Түркияға импорт 1,5 есеге дейін өсті

11.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа