No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ауылшаруашылығы министрі қарағандылық фермерлермен кездесті

Қарағанды облысының фермерлері Ауыл шаруашылығы министріне АӨК саласының өзекті және проблемалық мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қойды.

23.10.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ербол Қарашөкеев өңірге жұмыс сапары кезінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті, сондай-ақ облыстың бірнеше кәсіпорнына барды.

 

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрі «Нәтиже» сүт өңдеу кәсіпорнының қалай жұмыс істейтінін көрді. Зауыт жыл сайын шамамен 44 мың тонна сүт өңдейді және Қазақстанның бірнеше қалаларын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Айта кетейік, бүгінде Қарағанды облысында 39 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді, тағы 4 қуаттылығы жылына 9,8 мың тонна сүт жыл соңына дейін ашылады.

 

Ербол Қарашөкеев сондай-ақ аты аңызға айналған «Қарағанды-Нан» нан-макарон комбинатында болды. Бүгінгі таңда корпорация Ресей, Беларусь және Орталық Азия елдеріне экспортталатын 220-ға жуық өнім шығарады.

 

Министр биылғы маусымда азық-түлік корпорациясы форвардтық келісімшарттар шеңберінде шамамен 1,1 млн тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын сатып алуды жоспарлап отырғанын, сол арқылы маусымаралық кезеңде нан-тоқаш және макарон өнімдерін өндіру үшін астық пен ұнның құнын тежеуге болатынын атап өтті.

 

Сонымен қатар, сала басшысы Абай ауданындағы «Шанс» ШҚ жұмысымен танысты. 25 жылдық тарихы бар шаруа қожалығы дәнді және көкөніс дақылдарымен айналысады, сонымен қатар мал өсіреді. Соңғы екі жылда фермерлер миллиард теңгеден астам мемлекеттік субсидия алды, оның ішінде қолдау құрама жем зауытын салуға және астық тазалайтын машина сатып алу үшін көрсетілді.

 

Айта кетейік, Қарағанды облысында 2026 жылға дейін құны 141 млрд теңге болатын 72 жаңа инвестициялық жоба ашылып, маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің тапшылығын өтеуге мүмкіндік береді, Сондай-ақ 3200-ге жуық жұмыс орнын ашады деп көзделіп отыр.

 

Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуде Ербол Қарашөкеев АӨК саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ 2023 жылдан бастап іске қосылатын субсидиялаудың жаңа тетіктері туралы айтып берді.

 

Айта кетейік, биыл АӨК субсидиялау көлемі 453 млрд теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде Қарағанды облысына 38,3 млрд теңге бағытталды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Заң бұзған кәсіпкерлерге қандай шара қолданылады?

29.09.2022

Жеке тасымалдаумен айналысатын азаматтар жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуі қажет

12.10.2022

«Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды

19.02.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа