No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Автокөлікке арналған VIP нөмір: құны қанша және қалай онлайн сатып алуға болады

22.06.2023
Жаңалықтар
820
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Әдемі нөмірлер кез келген қазақстандық көлік жүргізушінің ерекшелігіне айналуы мүмкін. Көлік нөмірін онлайн түрде қалай сатып алуға болатыны және беру қызметі қанша тұратыны туралы kazbusiness.kz сайтынан оқыңыз. Мемлекеттік тіркеуден өтетін барлық көлік құралында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ) болуы керек.

Сонымен қатар автокөлік иелері ерекшелену үшін қажетті сандар мен әріптердің комбинациясын өзі таңдай алады. Ал 2023 жылдың 30 мамырынан бастап бұл функция онлайн түрде де қолжетімді.

Дегенмен ерекше МТНБ жасау құны қымбаттырақ.

Жақсы нөмір қанша тұрады?

Қарапайым мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі берілгенде азамат 2,8 АЕК көлемінде немесе 2023 жылы 9 660 теңге мемлекеттік баж төлейді. Бұл жағдайда нөмір комбинациясы шашыраңқы немесе аздап ерекшеленуі мүмкін.

Ал VIP нөмірлер әлдеқайда қымбат – 196 650 теңгеден 983 250 теңгеге дейін жетеді. VIP мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісіне тапсырыс берген адам бірдей немесе қайталанба сандар, сондай-ақ әр түрлі әріптер жиынтығын енгізуге құқығы бар.

VIP нөмірді смартфон арқылы қалай сатып алуға болады?

Қажетті мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін eGov мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады. Әзірге бұл қызмет қосымшаның басты бетінде де бар, оны алудың процедурасын қарастырайық.

МТНБ алу үшін қосымшаға өтіп, жүйеге кіріңіз. Кейін “Қызметтер тізбесі” бөліміне өтіп, “Жүргізу және көлік” тармағын таңдауыңыз керек.

Ашылған бөлімде “Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру (жоғары сұраныстың мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі)” қызметін таңдаңыз. Жеке деректерді толтырып, көлік нөміріңіздің сандары мен белгілерін жазыңыз. Айта кетейік, аймақ коды өзгермейді, ол тұрып жатқан қалаңызға байланысты өзгереді.

Кез келген мәнді енгізіп, “Іздеу” түймесін басқан кезде мұндай комбинация тегін немесе жоқ деп шығуы мүмкін, сонымен қатар енгізілген жиынтық қымбат нөмірлерге жатпайтын болса, көлік нөмірін жоғары сұранысқа байланысты өзгертуді сұрайтын хабарлама көрсетіледі. Ал сұраныс қабылданған жағдайда нөмірдің құны көрсетіледі. Мысалы, мына нөмірдің құны 004FIH 01 – 228 АЕК немесе 786 600 теңгені құрайды.

Әрі қарай, егер қажетті нөмір бос болса және құны көңіліңізден шықса, “Жалғастыру” түймесін басып, МТНБ алғыңыз келетін аумақты, халыққа қызмет көрсету орталығын және нөмір формасын (екі ұзын немесе бір квадратты және бір ұзын) таңдауға болады.

Осыдан кейін төлемге бөліміне көшіп, нөмірдің құнын өтеу жеткілікті. Жасалған тапсырыстың нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде көрсетіледі. Ал дайын VIP нөмірді тек өзіңіз белгілеген халыққа қызмет көрсету орталығынан алып кету керек.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан Иранға тауар жеткізу көлемін арттыруға дайын

07.10.2022

Қазақстанда қымыз өндірісі қысқартылды

06.01.2023

Бензин мен дизель: қанша уақытқа жетеді?

23.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа