No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Азия Дауысы сіздерді 2024 жылы Медеуде күтеді

31.07.2023
Жаңалықтар
46
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Алматыдағы «Медеу» биік тау мұз айдынында қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
фото: ашық дереккөз

Ол қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жыл бұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтар сабақтастығы» болды. Сондықтан, үшінші күні ең алдымен балалар флешмобын көрдік, содан кейін сахнаға «Жас қанат. Балалар» байқауының жеңімпаздары шықты. Жұлдыздарға ерекше концепция – балаларымен ән шырқау ұсынылды. Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева ұлы Диас Абылаевпен дуэт орындаса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Роза Рымбаева сахнаға ұлдары Әли Рымбаев, Мәди Оқаповтармен трио болып шықты.

Фестивальдің үшінші күні сағынышқа толы болды. Экран арқылы көрермендерге 90-шы жылдардағы аты аңызға айналған «Азия дауысы» сахнасында бүгінгі әртістердің қандай болғаны туралы роликтер көрсетілді. Сондай-ақ олар әйгілі «Азия дауысы» джинглының авторы, бірнеше ДДД дейтін дауысты жасаған, фестивальге Германиядан арнайы келген Виталий Михаэлистің естеліктері айтылды.

Ең бастысы, қатысушылар «Азия дауысы» сахнасында тұңғыш рет Александр Беляковтың жетекшілігімен Al Jazz Symphony эстрадалық және симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

фото: ашық дереккөз

Үшінші күннің хедлайнерлеры – өзбектің “Ялла” тобы мен Швециялық “Secret service” тобы болды. Оны фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов таныстырды.

“Фестиваль командасы үш күн бойы керемет жоба жасап жатыр. Мен екі элементтің – «ескі мектеп» және жаңа команданың біріктірілгеніне өте қуаныштымын және ұжымға рахмет айтамын. Бірінші күнді жасаған Азат Әбікенге, екінші күні Black Eyed Peas келуін ұйымдастырған Сәбит Сүлейменовке және «Азия дауысы» қоғамдық қорының президенті Ирина Ковырякоға алғысымды білдіремін”, – деді, Арманжан Байтасов.

Сондай-ақ, Арманжан Байтасов фестивальдің демеушісі Allur Auto ұсынған Chevrolet Onix автокөлігін Кенже есімді әйел ұтып алғанын және бұл да интрига болғанын айтты. Ұтыс ойыны екі рет өткізілген, алғашқы жеңімпаздар билет саны аталғанда сахнаға шықпаған. Бірақ ақыры көлік өз иесін тапты.

Фестиваль осымен аяқталды. Енді оның негізін қалаушылар – Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев ойлап тапқан байқау форматында келесі жылы “Азия дауысы – 2024” фестивалі өтпек.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен несие берілетін болады

01.09.2022

Африкада құдық қазған қазақ кәсіпке қалай келгенін айтып берді

26.09.2022

Трамп қоректендірілген қорларды саяси байланыстырады, бұл тарифтерді кесуге итермелейді – саясат

09.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа