No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Байлықтан бас тартқан 8 миллионер. Олар кім?

20.11.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
20
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Байлықтан бас тартқан миллионерлер бұл шешімдеріне еш өкінбейді. Олар жинаған қаражаттарын өз пайдаларына жұмсамай, қайырымдылыққа жұмсаған. Kazbusiness.kz ақпараттық порталы байлықтан бас тартқан миллионерлердің өмірінен мотивация алуға шақырады.

Чарльз Финни

Чарльз Финни – Duty Free компаниясының негізін салушы. Ол үстіне ақша қоспай, тауарларды өз бағасымен сатуымен ерекшеленді. Чарльз әлемге бизнесмен ретінде емес, филантроп ретінде танымал. Ол өзінің бар байлығын қайырымдылыққа өткізген алғашқы бизнесмен. Қайырымдылыққа жұмсаған қаражаты 8 миллиард долларды құрады.

Чарльз жағдайы жақсы болса да, қарапайым өмір салтын ұстанды. Анонимді түрде көмек беріп, жалдамалы пәтерде тұрды. Көліксіз жүрді. Ұшақ билетін тек эконом класстан алды.

Никола Тесла

ХХІ ғасырға үлкен үлес қосқан өнертапқыш ғалым. Тесла әлемдегі ең бай атанар еді, бірақ оның айналасында арам ойлы адамдар көп болды. Тесла жиі алданып, еңбегі ақталмай жүрді. Соған қарамастан ісін тоқтатпай, нәтижесінде оның туындыларын бағалаған демеушілер табылды. Көп еңбегі паттентелді. Тесланы ақша қызықтырмады. Тек жан рақаты үшін ғылымды тоқтатпады.

Никола ешқашан отбасы құрмаған. Ол романтикалық қарым-қатынас оның ғылыми жұмысына кері әсерін тигізеді деп ойлаған. Оның өзінің тұратын үйі болмады. Лабораториялық бөлмелерде түнеп, қартайған шағында қонақ үйлерді аралап жүрді.

Никола Тесла 86 жасында дүниеден озды. Оның отельдегі бөлме есігінде «Мазаламаңыз» деген тақтайша тұратын. Сол себепті оның денесін екі күннен кейін ғана тапқан. Отель номері төленбей қалғаны үшін оның жеке заттарының бәрі аукционда сатылды. Осындай құнды деректер мен жазбаларды кітап сатушы не бары 25 долларға сатып алған.

Том Шедьяк

Кинорежиссёр Том Джим Керри мен Эдди Мерфидің танылуына ықпал етті. Оның «Өтірікші», «Алжыған профессор», «Эйс Вентура: үй жануарларын іздеу», «Құдыретті Брюс» атты фильмдері бар.

Томда бәрі болды: сүйікті ісі, керемет табыс мөлшері, атақ-даңқ. Алайда 2007 жылы режиссер кенеттен жоғалып кетіп, бірнеше жылдан кейін қайта оралды. Ол «Мен бармын» деректі фильмінде өз өмірбаянын көрсете отырып, әлемдік мәселелерді қозғады. Өз фильмінде ғалымдар, дін өкілдері, философ және экологтарға сұрақ қояды.

Өмірінің бұлай өзгеруіне велосипедпен болған апат әсер еткен. Осы оқиғадан кейін мүлігінің бірнеше бөлігін сатып, қайырымдылыққа өткізді. Жағдайы нашар жандарға баспана салумен айналысып, киноиндустрия саласынан алшақтады. Қазіргі таңда Шедьяк университетте сабақ береді және өз шешіміне өкінбейді.

Ю Пеннянь

Ю Пеннянь жылжымайтын мүлік саласын дамытқан қытайлық бизнесмен. Ю негізі кедей отбасыдан шыққан, Шанхайда рикшамен зат тиеді. Еден жуушы және құрылысшы болып нәпақасын тапқан. Басында акция дұрыс салмай, бар мүлкінен айырылған. Кейіннен айы оңынан туып, Қытайдағы дәулетті отбасылардың қатарында болды.

Пеннянь оның тағдырын балалары да бастан кешіргенін қалайды. Оның пікірінше оңай ақша адамды бұзады. Отбасы бюджетін азайту үшін қайырымдылық қорын ашты. Қор денсаулық сақтау, білім беру салаларын, табиғи апаттан болған зардаптарды қалпына келтіру шараларын қаржыландырады. Сонымен қатар бизнесмен катаракта ауруына шалдыққан 150 мыңнан аса адамдардың операцияларын төлеп берген. Себебі кезінде өзі де сол аурудан қиналған екен. Өз өмірінде Пеннянь 8,2 миллиард юань (1 миллиардтан аса) қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған.

Дмитрий Зимин

1991 жылы Дмитрий Зимин Мәскеу радиотехникалық институтында техникалық сарапшылардан бір топ құрып, ұялы телефон байланысын дамытуды қолға алды. Бір жылдан соң «Вымпел-Коммуникации» атты компания құрылып, «Билайн» сауда маркетімен танымал болды.

Тоғыз жылдан кейін клиент саны бір миллионнан асқан соң Дмитрий қызметін босатты. 2002 жылдан бастап «Династия» қорын ашып, табысының көп бөлігін аударды. Қордағы қаражат Ресейдің іргелі ғылымының дамуына жіберілді.

2015 жылы Дмитрий Ресейден көшіп, «Zilim Foundation» атты әлемдік коммерциялық емес ұйым ашты. Енді қор Ресей ғылымын емес, әлемнің түрлі елдерін де қаржыландырды.

Перси Росс

Перси Росстың әкесі көне бұйымдарды өңдеумен айналысатын болған. Бұл тек олардың күнкөрісін ғана қанағаттандырды.

1959 жылы Перси құрдымға кеткен пластикалық пакет шығаратын компанияны сатып алды. Сол істі жандандырып, нәтижеге жетті.

1977 жылдан бастап қайырымдылықпен айналысуды жөн көрді. Жаңа жылға 1000 велосипед сатып алып, балаларға таратқан. Кейін жергілікті шеруде кездестірген әр адамға 20 000 доллардан берді. Бірнеше уақыттан соң «Миллион алғыс» атты газетте 17 жыл бойы өзінің жеке бөлімі болған. Сол бөлімде адамдар Росстан  көмек сұрады. Соңғы бөлім 1999 жылы шықты. Онда Росс бар ақшасын таратып бітіргенін, жалпы 30 миллион доллардан аса қаражат жұмсағанын мәлімдеді.

Зелл Кравински

Зелл Кравински тек табысын беріп қоймай, өз бүйрегін де қайырымдылыққа өткізген адам. Ол алғашында жылжымайтын мүліктермен айналысты. Сол бизнесінен 45 миллион долларды қайырымдылыққа аударды. Кейін кедей мемлекеттерде трансплантация мәселесі өршіп тұрғанын білген соң өз бүйрегін беруге келіседі.

Фране Селак

Фране Селак хорватиялық музыка пәнінің мұғалімі. 2002 жылы лотереядан 1 миллион доллар ұтып алды. Екі үй және жеке қайық сатып алды. Алайда кейінірек ақшаның бақыт әкелмейтінін түсініп, ақшаны туыстары мен таныстарына таратып берді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Үндістандық компания Қарағандыда химиялық-фармацевтикалық зауыт салуға мүдделі

06.10.2022

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін 5 миллиард теңгеге дейін 2,5 пайызбен несие беріледі

23.06.2023

“Абай облысына 200 миллион жиналды”: Қаржы қалай жұмсалуда?

16.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа