No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БАКАД бойынша жол жүрудің төлемақысы белгілі болды

21.07.2023
Жаңалықтар
22
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

21 шілдеде ҚР ИИДМ «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Үлкен Алматы айналма жолы» (БАКАД) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бұйрыққа сәйкес, «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» учаскесін пайдалану ақысы бекітілді.

Ақылы жолдың бастапқы пункті – Алматы-Ұзынағаш автомобиль жолының 22+640-шақырымы, соңғы пункті – Алматы-Талғар автомобиль жолының 22+000 шақырымы.

Үлкен Алматы айналма жолымен қанша шақырым жүргеніне қарамастан, 1 сағат ішіндегі төлем құны:

  • жеңіл автокөліктер – 241,5 теңге;
  • 16-ға дейінгі жолаушыға арналған автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 276 теңге;
  • 32-ге дейінгі жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 483 теңге;
  • 32 және одан да көп жолаушыға арналған автобустар және жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 552 теңге;
  • жүк көтерімділігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 690 теңге;
  • жүк көтерiмдiлiгi 15 тонна және одан да көп, оның iшiнде тiркемелерi бар жүк көліктері, ершікті тартқыштар – 759 теңге.

Сонымен қатар 1 айлық және 1 жылдық абонемент құны бекітілді:

  • жеңіл автомобильдер: бір айға – 0,5 АЕК (1725 теңге), бір жылға – 5 АЕК (17 250 теңге);
  • 16 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 0,6 АЕК (2070 теңге), бір жылға – 6 АЕК (20 700 теңге);
  • 32 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: бір айға – 1 АЕК (3450 теңге), бір жылға – 10 АЕК (34 500 теңге);
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері автопоездар: бір айға – 1,5 АЕК (5175 теңге), бір жылға – 15 АЕК (51 750 теңге);
  • жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері: бір айға – 2 АЕК (6900 теңге), бір жылға – 20 АЕК (69 000 теңге);
  • жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: бір айға – 2,5 АЕК (8625 теңге), бір жылға – 25 АЕК (86 250 теңге)

Айта кетейік, БАКАД 2023 жылдың 16 шілдесінде салтанатты түрде пайдалануға берілді. BAKAD – Қазақстан тарихындағы бірінші концессиялық жоба. Бұл жолдың құрылысы осыдан үш жыл бұрын түрік-корей консорциумы негізінде басталған.

Магистраль негізінен алты жолақты, кейде төрт жолақтыға айналады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің есептеулері бойынша, сағатына 110-140 шақырым максималды жылдамдықпен 66 шақырымдық қашықтықты небәрі жарты сағатта жүріп өтуге болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

ҰБТ-2024: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет?

09.06.2023

U.S. Болат қоры жақсы ниппон ұсынысы туралы есеп бойынша көтеріледі.Неліктен Трамп «иә» деп айта алар еді (Баррон)

21.05.2025

“Балмұздақтан улануы мүмкін”: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

10.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа