No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Балалар кибербуллингі: онлайн-платформалар туралы заң қабылданды

29.06.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң қабылданды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

Заңның мақсаты – Қазақстан Республикасында онлайн-платформалардың қызметі үшін құқықтық негіз құру.

«Заңда онлайн-платформалар және онлайн-жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, онлайн-платформалардың жұмыс істеуінің құқықтық режимін және онлайн-жарнамаға қойылатын талаптарды айқындау, онлайн-платформаларды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін регламенттеу ұсынылған. Заңмен «онлайн-платформаны пайдаланушы» және «инфлюенсер (блогер)» анықтамаларымен қатар, басқа да терминдер енгізілді. Заң нормалары мемлекеттік тілдегі онлайн-платформалар интерфейсін дамытуға бағытталған. Бүгінгі таңда барлық онлайн платформалар интерфейсті қазақ тілінде пайдалануға мүмкіндік бермейді, пайдаланушы келісімімен толық танысуға қарапайым мүмкіндік жоқ», – деді сенатор Айгүл Қапбарова.

Оның айтуынша, құжатта онлайн-платформаларда жалған ақпаратты таратуға және орналастыруға тыйым салу, сондай-ақ онлайн-платформаның меншік иесіне оны жою бойынша талаптар енгізіледі. Сондай-ақ заңда онлайн ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамыту ескерілген. Азаматтардың өтініштері негізінде буллинг пен өшпенді риториканы қамтитын мазмұнмен күресуге мүмкіндік беретін нормалар енгізілген.

Уәкілетті органның нұсқамасы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында құқыққа қайшы контентті, балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты орналастыратын және тарататын аккаунттар қызметін тоқтата тұру міндеті енгізіледі.

Ал ілеспе заң заңнамалық актілерді «онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заңға сәйкес келтіру мақсатында мақұлданды. Атап айтқанда, «онлайн-платформа» және «онлайн-жарнама» ұғымдарын енгізуге байланысты Қылмыстық, Кәсіпкерлік кодекстерге, «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Жарнама туралы», «Білім туралы», «Ақпараттандыру туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Вахталық жұмысқа негізінен ауыл тұрғындары барады

23.02.2023

Ерлі-зайыптылар анниутитеті туралы білесіз бе?

20.01.2023

5-6 қарашаға арналған ақша бағамы қандай?

04.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа