No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Банк секторының жалпы несие қоржыны 20 трлн теңгені құрайды

02.11.2022
Жаңалықтар
Street sign at the corner of 10th ave and 33rd st, Manhattan.

Street sign at the corner of 10th ave and 33rd st, Manhattan.

0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Risk Takers телеграм арнасының хабарлауынша, жыл басында банк секторының жалпы несие қоржыны 20 трлн теңгені құраған. Бұл жалпы активтер көлемінің 54 пайызына тең. 1 қазандағы жағдайға назар аударсақ, аталған көрсеткіш айтарлықтай өсіп, 22 трлн теңгеге жеткен.

Ал жыл басында төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен (NPL) кредиттердің көлемі 668,8 млрд теңге болған екен. Бұл дегеніміз – жаплы несие қоржынының 3,31 пайызы. 1 қазандағы жағдай аталған көрсеткіштің де өскенін көрсетіп отыр. Дәлірек айтсақ, NPL көрсеткіші 3,6 пайызды немесе 801,8 млрд теңгені құраған.

Байқағандарыңыздай, NPL көрсеткіші 2022 жыл бойына біртіндеп өсіп келеді. Қаржылық тәуекел менеджері Берік Бейсенбековтің пікірінше, бұл жақсы тенденция емес. Өйткені, бұл жағдай мерзімі өткен қарызды басқарудың тиімсіздігін көрсетіп отыр.

Risk Takers-тің жазуынша, мерзімі өткен қарыздардың ең көп үлесін жеке тұлғалардың қарыздары құрап отыр. Анығын айтсақ, жалпы NPL көрсеткішінің 57 пайызы осы секторға тиесілі. Заңды тұлғалардың үлесі – 10 пайыз. Шағын және орта бизнес қарыздарындағы NPL көрсеткішінің үлесі 33 пайызға тең.

Бұл ретте, жалпы несие қоржынындағы үш сектордың үлесі келесідей: заңды тұлғалар – 18 пайыз, жеке тұлғалар – 55 пайыз, шағын және орта бизнес – 26 пайыз.

«Жұмыс істемейтін» кредиттер жинақталған банктердің бестігі келесідей:  Jusan bank – 10,84 пайыз, Bereke bank (бұрынғы «Сбербанк») – 8,25 пайыз, «ВТБ Қазақстан» – 8,23 пайыз, «Еуразиялық банк» – 6,56 пайыз және Home Credit bank – 5,71 пайыз.

«Банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру көрсеткіші аса жоғары емес. Сөйте тұра, NPL көрсеткішінің үштен бір бөлігі осы секторға тиесілі. Міне, банктердің шағын және орта бизнесті қаржыландыруға құлықсыздығын осыдан-ақ аңғаруға болады. Өйткені бұл сегмент белгілі бір тәуекелдерге ие. Егер Түркиядағы жағдай басқаша. Өйткені, ондағы негізгі экспорттаушылар (95 пайыздан астамы) – шағын және орта бизнес субъектілері. Яғни әрбір кәсіпкер валюталық түсімді қамтамасыз етеді», – дейді Берік Бейсенбеков.

Міне, банк секторындағы несие портфелінің жай-күйі осындай. Бірақ жағдайды түзету үшін қандай қадамдар жасау керектігі әлі де беймәлім. Өйткені, пайыздық мөлшерлеме өскен сайын төленбейтін кредиттер саны арта береді. Мөлшерлемелердің өзгеруі, несие беру шарттарын қайта қарау жағдайды өзгерте алатын белгілі бір шаралар легі ретінде қарастырылса да, бұл проблемалардың себебіне ішінара ғана әсер етуі мүмкін.

«Бөлшек клиенттерге шоғырлану жақсылыққа апармайды және ерте ме, кеш пе Үкімет шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болады. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң да кешіктіріліп жатыр. Дегенмен биыл Президент оны нақтылауға және аяқтауға серпін берген еді. Ең бастысы, түсіндіру жұмыстары толыққанды жүргізілуі керек. Өйткені адамдарда осы заңға қатысты қате түсініктер қалыптасқан. Кейбір адамдар бұл заңды мемлекеттен берілетін сыйлық деп алақанын ысқылап жүр. Яғни, ескі кредиттер кешіріліп, жаңасын алуға жол ашылады деген түсінік қалыптасуда. Президент сайлауына дейін ынталандырудың мұндай әдісі қолданылмаса жақсы болар еді. Өйткені, тағы бір мәрте несие рақымшылығын жасаудың пайдасы жоқ. Себебі осыған дейінгі несие рақымшылығы сенімсіз қарыз алушыларға кедергі бола алмады», – дейді қаржылық тәуекел менеджері.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

«Бай әке, кедей әке» кітабындағы бай әкенің Робертке айтқан ақылы қандай?

09.12.2022
Male hands are keeping bank cards. Gold coins from one card are moving to another card. Money transfer. Business concept

Шетелге аударылған ақша 1 трлн теңгеден асты

27.02.2023

Кредиттік тарихыңызда қателік кетсе не істеуге болады?

27.01.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа