“Барыс” хоккейшілерінің қанша табыс табатыны белгілі болды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Клубтың екі көшбасшысы – канадалық легионер Линден Вей мен қазақстандық Никита Михайлис маусымда 278,5 млн теңгеден табыс тапқан.
Үздік бестікте тағы үш канадалық бар: қорғаушы Алекс Грант – 250 млн теңге, шабуылшы Майкл Шапю – 145 млн теңгеге жуық, қорғаушы Крис Биграс – шамамен 140 млн теңге.
Бұдан бөлек бесінші орында словак қақпашысы Юлиус Гудачек пен америкалық шабуылшы Энтони Луис те бар.
Никита Михайлистен басқа клубта ең жоғары жалақы алатын хоккейшілердің ондығында басқа қазақстандықтар жоқ.
“Барыстағы” жалпы жалақы мөлшері бір маусымда 2,5 млрд теңгені құраған.