Құзырлы орган оның елге оралғысы келмегенін жеткізді, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.
“Күдебаев С.М. өз бетімен Отанына қайтуды ойламаған, өйткені ол барған елінде тұруға рұқсат сұраған. Кейін шетелдік әріптестердің көмегімен С.М. Кудебаев Түркия аумағында ұсталды және Қазақстанға жеткізілді”, – деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, үкімді Талдықорған қалалық соты шығарды. Оны екі бап бойынша кінәлі деп таныды:
- азаптау
- билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану
Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.
Сот отырысы алдымен денсаулығына, кейін келмеуіне байланысты бірнеше мәрте шегерілген еді. Ал наурыз айының соңында Күдебаевтың елден қашып кеткені белгілі болды.
Ресми ақпарат бойынша, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Түркияда ұсталып, арнайы бортпен елге қайтарылды.
Оның отбасы ол елге өз еркімен келді деп отыр.
Қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев өңір коменданты болды. Ол полиция департаментінің ғимаратын тастап кеткен. Осылайша наразылық білдірушілер ғимарат ішіндегі қаруға қол жеткізген.