No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Басқа елде есепте тұрған автокөлікті 5 жылға уақытша тіркеуге рұқсат берілді

20.06.2023
Жаңалықтар
14
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Көлігі өзге елде есепте тұрған азаматтар енді автокөлігін уақытша 5 жылға тіркей алады. Ол үшін мобильді қосымша арқылы немесе электронды порталда өтініш беру керек. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтын Жамалиев айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Бұл аралықта шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясына сақтауға тапсырылады. Оның орнына уақытша мемлекеттік нөмір мен уақытша тіркелгендігі туралы куәлік беріледі. Меншік иесі 5 жыл ішінде көлігін шетелдік тіркеуден шығарып, Қазақстанда заңдастырмаса, автокөлікті елден шығаруға міндеттеледі.
“Көлік құралдары 5 жыл мерзімге дейін уақытша есепке қойылады. Ол азаматтар тек мемлекеттік номер үшін және көлік құралының тіркеу нөмірі үшін баж төлемдерін төлейді. Ал 200 мың теңге соманы төлемейді. ЕАЭО есебінде тұрған көлік құралын есептен шығарып, содан кейін 200 мың теңгесін төлеп, нақты есепке қоюға рұқсат берілген”, – деп түсіндірді Алтын Жамалиев.
Шетелдік көліктерді заңдастыру үшін өтініш 1 шілдеге дейін ғана қабылданады. Қазір 160 мың өтініш қанағаттандырылып, көліктер тіркеуге алынған. Әлі 13 мыңнан астамы өз кезегін күтіп тұр. Одан бөлек, 7 мыңға жуық құрастырмалы автокөлік мемлекеттік есепке кірді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкер болу үшін 10 кеңес

29.12.2022

Маман кеңесі: Үлкен қаржы аз сомадан басталады

16.06.2022

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығындағы субсидиялаудың бес түрін алып тастайды

26.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа