No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Батыс Қазақстанда мақсары майы өндірілуі мүмкін

Қазақстанның негізгі экономикалық өсімінің драйвері –ауыл шаруашылығы. Жерінің асты мен үсті қазынаға толы кең байтақ өлкенің топырағының құнары қараша халқтың жан бағуына мүмкіндік беретіні хақ. Алайда, елдегі осы саланың дамуы әлі күнге күрмеуі шешілмеген мәселеге айналғаны қашан.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Жолдауында «еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру-стратегиялық міндет» деп айтқан еді. Осы орайда, ауыл шаруашылғы арқылы түсетін түсімді артырып, бұл төңіректегі келелі істерге басымдылық беріп отырған өңірдің бірі- Батыс Қазақстан облысы.

15.09.2022
Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Майлы дақылдары арқылы нарыққа шығып, қамбасын қампитып, қазынаны толтырып отырған «МарЭль» шаруа қожалығы дәл осы БҚО –ға қарасты Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округінде орналасқан.  2,2 мың гектар мақсары, 6 мың гектарға күнбағыс еккен қожалық қарайған халықтың жан бағуына ықпал етіп қана қоймай, аймақтың экономикалық өрлеуіне үлес қосып отырған жайы бар.  Облыстағы ірі қожалықтардың біріне өңір басшысы Ғали Есқалиев арнайы ат басын бұрып, жұмыс барысымен танысты.

Нарықтағы бағасы жағынан дақылдардың алдын орайтын мақсарыны жинауға батыстық диқандар енді кіріскен. Арам шөпке дес бермейтін бұл дақылдың өнімділігі де жақсы. Өткен жылы гектарынан 6-8 центнерден алса,  биыл алғашқы күннен-ақ, егін адамдарының еңбегі жанып гектранынан 18 центнерге дейін өнімге кенелген жайы бар.  Түркия мен Қытай сынды көршілес мемлекеттердің мақсарыға деген қызығушылығы жоғары, осы жылы да қос көрші елден тағы да сұраныс түседі деп күтілуде.

«Былтыр жыл соңында өнімнің әр тоннасы 200 мың теңгеден саудаланған еді. Биылғы баға да сол маңды межелейді деген болжам бар.  Өнімді сақтап барып сатқан тиімді. Мақсарының бағасы қысқа қарай көтеріледі»,-дейді « МарЭль» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Асанов.

Қожалықта өздеріне тиесілі арнайы қойма бар. Мұнда 10 мың тонна дақыл емін-еркін сияды. Бұл дақылдан алынатын майдың сапасы жоғары, осыны ескерген аймақ басшылығы алдағы таңда мақсары майын шығаруға  бас мән беруді көздеп отыр.

«Облыс бойынша мақсары алқабының көлемі артып келеді. Былтыр 80 мың га болса, биыл 123 мыңға жетті. Яғни бізге мақсары майын өндіруге болады. Мақсары майы зайтүн майына ұқсайды, құрамында холестерині аз. Егер бұл жоба іске асса, ол өзін ақтауы қажет»,-деді БҚО әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

ІІМ таратқан SMS хабарлама халықты шошытты

14.08.2022

4 млн теңге: тұңғыш рет дарынды жастарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталмақ

02.06.2023

Foxconn Nvidia және Apple өнімдерін жасайды.Неліктен оның басшылығын кесіп жатыр.- Барронның

15.05.2025
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа