No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Белгілі кәсіпкер Орифджан Шадиев 1,5 жылға сотталды

21.07.2023
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден
525
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстандық танымал кәсіпкер Орифджан Шадиев Asia Credit Bank-іне 16 млрд теңге залал келтіргені үшін 1,5 жылға сотталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

«Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 250 б., 2 б., 28 б., 5., 250 б., 2 б. бойынша сотқа берілген Ш. және С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот анықтағандай, Ш. және С. құжаттарды қолдан жасап, кепілдік қамтамасыз етудің (жер телімінің) нарықтық құнын көтеріп, банкті жаңылыстырған. Олар жалпы кепіл құны 25 млрд теңгені құрайтын 7 жер телімі түріндегі өтімді кепілдік қамтамасыз етуді нарықтық құны бойынша жоғары бағаға, яғни 46 млрд теңгеге жер теліміне ауыстыруды жүзеге асырған. Осылайша, айыпкерлер кепілдік қамтамасыз етуді ауыстырудың заңдылығы туралы иллюзия жасаған. Ш. және С. өз әрекеттері арқылы пайда көру және өздеріне басымдық алу мақсатында өкілеттіктерін асыра пайдаланып, Банктің заңды мүдделеріне аса ірі мөлшерде залал келтірді», – делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.

Белгілі болғандай, айыпкер Орифджан Шадиев пен Михаил Соловьев өз кінәларын ішінара мойындап, соттан өздеріне бас бостандығынан айыруға байланыссыз жаза тағайындауды өтінген.

Ал прокурор айыпкер Ш.-ға 2 жыл 6 ай, С.-ға 2 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер прокурордың ұстанымдарын қолдап, соттан олардың азаматтық талаптарын қанағаттандыруды сұрады.

«Айыпталған әрекеттерді жасаудағы айыпкерлердің кінәлары іс бойынша жиналған дәлелдемелер, куәгерлердің түсініктері, сот сараптамаларының қорытындылары арқылы дәлелденді. Сот үкімімен Ш. коммерциялық ұйымдағы өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды және оған қаржы ұйымында қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

«С. айыпкер Ш.-ға көмектескені үшін кінәлі деп танылды және оған қаржы және банк ұйымдарында 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген сот хабарламасында.

Сот жаза тағайындау барысында Орфджан Шадиев пен Михаил Соловьевтің соттылықтарының болмауы, Шадиевтің кішкентай балаларының болуы секілді жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерді. Айыпты ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

«Сотталушы Ш. және С.-дан «А» АҚ тарату комиссиясының пайдасына 16 млрд теңгеден астам қаражат ынтымақты түрде өндірілді», – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Үйде отырып бастауға болатын 13 бизнес түрі. Олар қандай?

18.10.2022

Қолыма алатын жалақым – 800 мың теңге: ақын Ринат Зайытов қанша қаражат жұмсайтынын айтты

21.06.2023

Қызылордада 900-ден аса кәсіпкердің құқығы қорғалды

19.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа