No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Bereke Bank» бизнесті несиелендіруді бастады

"Bereke Bank" АҚ (бұрынғы Сбербанк Қазақстан) "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ құрамына кіретін "Даму" Қорымен бірлесіп шағын және микробизнеске қолдау көрсетуді жалғастырады, деп хабарлайды kazbusines.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

07.11.2022
Жаңалықтар
5
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Банк мемлекеттік, сондай-ақ жеке бағдарламалары бойынша бизнесті қаржыландыруға өтінімдер қабылдайды.

 

 

Кәсіпкерлік қызмет әр мемлекет үшін жоғары әлеуметтік және экономикалық маңызға ие. Коронавирус пандемиясы мен геосаяси жағдайлардан кейін бүкіл әлемде бизнесті қолдау, кәсіпорындарды дамыту мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Бұл тұрғыда негізгі фактор – қаржыландыру.

 

Қазақстандық кәсіпкерлер өзінің бизнесін дамыту үшін субсидиялар мен кепілдіктер түрінде тұрақты қолдауға ие бола алады. Ең алдымен, бұл – 2025 жылға дейін көзделген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның аясындағы бағдарламалар. Сонымен қатар Bereke Bank клиенттерге өзінің бірқатар бизнесті несиелендіру бағдарламалары аясында қаржыландыру қызметін ұсынады.

 

«Бизнеске қолдау көрсету – біздің Банктің негізгі басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу әртүрлі саладағы кәсіпкерлерге кәсібін ілгері дөңгелетуге мол мүмкіндік береді. Біз «Даму» Қорымен 10 жылдан астам уақыт бойы серіктеспіз, осы уақыт аралығында банк шамамен 230 млрд теңгеге 3000-нан көп жобаны қаржыландырды және жалпы сомасы 670 млрд теңгеге 7300-ге жуық жобаға субсидия бөлді, соның арқасында көптеген отандық компаниялар өндірісін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашты және экономиканың дамуына өз үлестерін қосты. Біз шағын және микробизнесті қолдауды әрі ынталандыруды ары қарай да жалғастырамыз», – деді «Bereke Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.

Айта кетерлігі, қазақстандық ШМБ кәсіпорындары өзінің өндірістік қуатын, инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын қалыптастыру, сондай-ақ айналымдағы қаражатын толықтыру әрі қарыздарын қайта қаржыландыру мақсатында аталған бағдарламаларға белсенді қатысады.

 

Шағын және микробизнесті қолдау бағдарламаларына қатысу үшін өтінімді Bereke Bank-тің еліміздің 17 аймағындаорналасқанорналасқан барлық бөлімшелерінде беруге болады. Сонымен бірге әр аймақта бизнес субъектілерін қолдауға және аймақты экономикалық дамытуға бағытталған бағдарламалар бар.

 

Естеріңізге салсақ, Банк соңғы жылдары кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында несие беру көлемі бойынша қазақстандық ЕДБ арасында көшбасшы атанғаны белгілі. 2010 жылдан бастап «Даму» Қорымен серіктестік қарым-қатынас орната отырып, Банк «Бизнестің жол картасы – 2020, 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Нұрлы жер» сияқты ең көп сұранысқа ие бағдарламаларға қатысты.

 

Қосымша ақпарат алу және өтінім беру үшін «Bereke Bank» АҚ-тың өз қалаңыздағы филиалына жүгініңіз.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда жалақыдан алынатын бірыңғай төлемді кім, қандай мөлшерлеме бойынша қолдана алады?

17.01.2023

Кофе сатып алушылар арасында Нива автокөлігі ойнатылды

22.11.2022

Биыл Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу болады

28.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа